«Бізді, ұлымды пышақтап жатыр»: БҚО-да қатігездікпен болған кісі өлтіру орнынан репортаж

БҚО-да Янайкин ауылындағы Запрометовтар отбасының жантүршігерлік өлтірілуі тұрғындардың жағасын ұстатты. Бүгін таңертең «ОА» журналистері қайғылы оқиға орнында болып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.

Запрометовтар отбасының үйі. Ішке тек полиция қызметкерлері ғана кіре алады.

ентке келген соң біз ең алдымен қайтыс болған отбасының үйінің қайда екенін білдік. Өткен адамдардың нұсқауы бойынша біз полиция лентасымен қоршалған үйге келдік. Ғимараттың жанында учаскелік полицей отырған автокөлік тұрды. Ол оқиғаның анық-қанығын білмейтінін, оны үйге ешкімнің кірмеуі үшін қойылғанын айтты. Ол сондай-ақ кент аумағына СОБР (Специальный отряд быстрого реагирования – Арнайы жедел әрекет ету жасағы) қызметкерлерімен автобус келді, деп бөлісті.

Қаза тапқандардың үйінің жанында тұрған полицейлердің көліктері.

Көшеден әріректе ерлердің компаниясы тұрды, олар оқиға туралы толығырақ айтып берді :

– Совхоздың бұрынғы директоры Александр Запрометовтың отбасы қаза тапты. Бұл жерде кеше кеште халық көп болды, өрт сөндірді. Валентина, оның әйелі, қоңырау шалып, оларды өлтіріп жатқанын хабарлаған. Өлтірушілер дуал арқылы секіріп түсіп, үйдің есігін қақан, Александр оларға есік ашқанда, үйдің дәлізінде тура жүрегіне пышақ сұққан. Содан кейін өлтірушілер одан әрі барып, оның ұлы, Сергейді асүйде өлтірген — дейді, ол бәрінен де көп қарсылық көрсеткен сияқты, себебі бүкіл денесі қызыл ала қан, – деді өзін Петр деп таныстырған ерлердің бірі.

Петрдің айтуынша, Валентинадан кешкі сағат 9-дарда қоңырау түскен. Ол телефонға «Бізді пышақтап кетті, Сергейді де» деп айқайлап үлгерген, содан кейін байланыс үзіліп кеткен.

Сондай-ақ, ер адамдар қайтыс болған отбасының өз дүкені болғанын және Александр «Лесное» ЖШС бұрынғы директоры болғанын айтты.

Запрометовтар отбасы иеленген «Яик» дүкені.

– Оларда, ЖШС жұпыны болды-3 трактор, 5 сиыр. Дүкен қызметкеріне әйелі қайтыс болар алдында қоңырау шалып үлгерген. Ресейде жолаушы тасумен айналысатын баласы демалысқа келіп жатқан. Үйді тұрғындар байқамасын деп, ішінен және орман жағынан өртеген. Александрдың өзі дәрігерлер келгенде, әлі тірі болған, бірақ тез жүріп кеткен. Ал оның ұлы Сергейді 7 жерінен пышақтаған, – деді ер адамдардың бірі.

Әңгіме барысында жергілікті тұрғындар Запрометовтар жанұясы өте қарапайым болғанын, ал Валентина Запрометованы «жылы жүзді жан» болғанын атап өтті.

Жергілікті тұрғындармен сөйлескен соң, біз сол кешке Валентина Запрометова қоңырау шалып үлгергенн сатушымен сөйлесу үшін қаза тапқандардың дүкеніне баруды шештік. Дүкенде Айнагүл есімді сатушы сөйлесуден бас тартып, есікті жауып алды,алайда дүкеннің жанында тағы бір жергілікті кәсіпкер Оразғали Самедов сөйлесуге келісті.

«Кісі өлтірген оңбағандар, жергілікті емес, келгендер» —деді қайғыдан көкірегі қарс айрылған Оразғали Самедов.

— Мен Александр Запрометовпен таныс болдым, ол әйелімен бірге тұрды, олардың балалары ұлы мен қызы, Ресейде тұрады. Ешқашан бұл отбасы ешкімнің ала жібін аттамады, олар шалқыған бай да болған жоқ. Дүкен екі жыл бұрын ашылды. Оқиға туралы, кісі өлімі жайлы таңертең маған қоңырау шалған, ұлымнан білдім, – деп көзіне жас алды ер адам.

Ол сондай-ақ, отбасы ешкіммен қақтығыспағанын, қайтыс болған зейнеткерлер екенін және тыныш өмір сүргенін айтты.

— Александр иелік еткен «Лесное» ЖШС баяғыдан жоқ. Бұл кісі өлтіруді жасаған адам-жергілікті емес, келгендер. Бұл отбасының атына бірде-бір адам жаман сөз айта алмайды. Соңғы рет мен Александра бір апта бұрын оның дүкеніне темекі үшін кірген кезде көрдім. Олардың үйлерінен алатын да ештеңе жоқ, – деді Оразғали.

Оразғали Самедовпен сөйлесіп болғасын біз жергілікті әкімдікке кеттік. Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзин отбасы өте қарапайым және бай емес екенін, орташа жеткілікті өмір сүргенін растады. Ол тергеу нәтижелеріне сүйене отырып, ештеңе айта алмады.

Жергілікті әкім бұл қызметте жақында ғана жұмыс істейтінін айтты,бірақ отбасын жақсы жағынан сипаттады.

Қаза болғандардың үйіне келе жатып, біз сол кеште ауысымында болған сатушы Айнагүлге баруды шештік. Оның үйінің мекен-жайын жергілікті тұрғыннан білдік. Дүкен қызметкері есікті ашты, алайда ешқандай түсініктеме берген жоқ:

— Валентина сол күні маған емес, басқа сатушыға қоңырау шалған. Полиция журналистерге ештеңе айтпаңыздар деді, кешіріңіздер, – деді ол.

Сол уақытта Запрометовтардың үйіне криминалистері бар микроавтобус келіп жетті. Қоршаудың жанында полиция қызметкерлері айғақ ретінде анықтаған ботинканың ізін тапты.Үйге қыздары да келіп жетті, алайда, ол тек полицейлермен ғана сөйлесіп, журналистерге түсініктеме беруден бас тартты.

Криминалистер қылмыс орнында айғақтарды жинауда.

Кенттен шығатын жерде полиция қызметкері де кезекшілік етті, ол Янайкиннен шыққан барлық адамдарды тексеруде.

Полиция қызметкерлері кентке кіре берісте.

Алексей Воробьев, Фото Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.42 ℃
Днем-1.66 ℃
Вечером-4.01 ℃
Ночью-4.22 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.18 м/с
2024-12-06
Утром-6.34 ℃
Днем-3.47 ℃
Вечером-5.25 ℃
Ночью-6.54 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.8 м/с