Янайкин кентіндегі үш бірдей адам өлімінің қалай болғаны анықталды (ФОТО)
Александр Запрометовтың жұбайы қайтыс болардан бұрын танысына қоңырау шалып, оның отбасына шабуыл жасағанын айтып үлгерген. «Орал апталығының» тілшісі оқиға орнынан хабарлайды.
Журналистердің оқиға орнында алған алдын ала ақпараты бойынша, бірінші болып 67 жасар үй иесі Александр Запрометов қаза тапқан.
— Оның жүрек тұсындағы бір ғана пышақ ізі бар. Осыдан кейін әкесіне көмекке ұлы жүгірген. Онымен, шабуыл жасаған адамға айқасуға тура келді. Оның бірнеше пышақ жарақаты бар. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнемдердің Запрометовтың ұлымен төбелесі кезінде үй иесі өзінің сатушысына қоңырау шалып үлгерді (отбасы кентте азық — түлік дүкенін ұстайды-авт.ескерт.). Сатушының айтуынша, әйел «бізді пышақтап жатыр» деп айтып үлгерген. Осыдан кейін байланыс үзіліп кеткен, – деді Петр Георгиевич, газет тілшісіне.
Бүгін БҚО полиция департаментінде аталған факті бойынша «Екі және одан да көп адамды өлтіру» 99 бабы 2 тармағы бойынша тергеу басталды. Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Сүйенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта полицияда осы қылмысқа байланысты күдіктілер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтар күні кешке Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкино ауылында үш бірдей кісі өлімі орын алған. Белгісіз қаскүнемдер 67 жасар Александра Запрометовты, оның 65 жасар жұбайы Валентина мен олардың 42 жастағы ұлын пышақтап өлтірді. Кісі өлтірілгеннен кейін қаскүнемдер үйді өртеп, жасырынып үлгірген.