БҚО-да қаза болған Запрометовтар отбасы Ресейде жерленеді

Янайкиндік кәсіпкер Александр Запрометовті, әйелі Валентина мен ұлы Сергейді қызы тұратын Ресейде жерлейді. Ертең Оралда қаза тапқандармен қоштасу өтеді.

Криминалистер Запрометовтар үйінің жанында

Алдағы жерлеу туралы ақпаратты Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзин айтып берді. Оның айтуынша, мұндай шешімді Новокуйбышевскіде тұратын Александр мен Валентина Запрометовтардың қызы Наталья Белова қабылдады.

– Қоштасу ертең, 17 қаңтарда, «Талап» АҚ-да, таңғы сағат 11:00-де болады. Отбасын Ресейде жерлейді, – деді Ауған Алмурзин.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 14-і күні Янайкино ауылында Запрометовтар отбасы қаза тапты. Өрт сөндіру есебі сағат 22: 40-та ауылдың шетінде жұбайымен тұратын 66 жастағы Александр Запрометовтің жанып жатқан үйін  сөндіруге келді. Үйдің төбе жабыны жанып жатты. Өрт сөндіру кезінде үйде пышақ жарақатының ізімен үш мәйіт табылды.

Қаза тапқан Александр Запрометов, оның жұбайы Валентина және олардың 42 жасар ұлы болды. Полиция үш кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жергілікті тұрғындар отбасы өте қарапайым деп сипаттап, ешкіммен керіспегенін айтады.

Қайғылы оқиға туралы мақаларды төменнен оқи аласыз:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-23
Утром-19.19 ℃
Днем-14.95 ℃
Вечером-15.32 ℃
Ночью-13.42 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.47 м/с
2025-01-24
Утром-12.57 ℃
Днем-10.77 ℃
Вечером-9.61 ℃
Ночью-10.35 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра6.08 м/с