Орал әкімі: «Деркөл Бәйтерек ауданының құрамында ешқашан болмайды»
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Деркөлдің құрамына кіретін ауылдар Бәйтерек ауданына берілетіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол өткен жұма күні осы аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды «Орал аптасының» тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, Деркөл құрамына кіретін ауылдарды Бәйтерек ауданының пайдасына иеліктен шығару мәселесі ешқашан тұрған жоқ және ешқашан талқыланбайды.
— Мен жауапты мәлімдеймін — Деркөл Орал қаласының құрамында әрдайым болып қалады, — деді Абат Шыныбеков.
Мұндай мәлімдемеге жергілікті тұрғындар арасында жергілікті билік Деркөл округіне (бұрыңғы Зеленов ауданы — ред.ескерт.) қарасты ауылдарды Бәйтерек ауданы әкімдігінің бағынысына беруге ниетті деген мессенджердегі хаттар себеп болды. Қазіргі уақытта Деркөл округінің құрамына 12 елді мекен кіреді, олар— Деркөл, Өскен ауылы, Ақ Казарма, Үміт (ӨЖЖ 2), Көкжиек (ӨЖЖ 1), Ветелкі, Ветелкіңің жаңа құрылысы, Қымызды, Қымыздының жаңа құрылысы, Маштаков, Кордон, Ливкин. Ал, осы округ халқының жалпы саны 20 мыңнан астам тұрғынды құрайды. Салыстырсақ, Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау немесе Тасқала аудандарының тұрғындары санынан көп.
— Деркөлді аудан құрамына беру туралы қауесет Орал қаласының әкімдігі Деркөлде кенттік әкімият құруды ұсынғаннан кейін пайда болды, ал округтың өзіне Зашаған, Желаев және Круглоозерный сияқты қала құрамында кенттік округ мәртебесін беруді ұсынды. Деркөл ауылдық округі мәртебесін беру жергілікті тұрғындар алдында үлкен мүмкіндіктер ашады. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлер ауыл бизнесін қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиелердің төмендетілген ставкаларын пайдалана алады. Бюджеттік сала қызметкерлері ауылдық қызметкерлер сияқты жалақыларына 25% үстемақы алар еді. Ең бастысы Деркөл кенттік округі құрылған жағдайда, кент әкімдігінің өз бюджеті пайда болады, өйткені оның аумағында орналасқан кәсіпорындар заңға сәйкес жергілікті бюджетке салық төлейтін болады. Бұл жергілікті қоғамдастыққа қала әкімдігіне жалтақтап емес, осы ақшаға өзі билік етуге мүмкіндік берер еді. Сондықтан ресми түрде мәлімдеймін — қаланың осы бөлігін кенттік округ мәртебесіне қайта құру Деркөл Орал қаласының бір бөлігі бола алмайды деген сөз емес, — деді Абат Шыныбеков халық алдында сөйлеген сөзінде.
