Орал әкімі: «Омега ауданындағы көпір жаз соңына дейін ашылады»
Омега зауыты ауданындағы жол өтпесі кестеден оза салынып, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков өткен сенбі күні халықпен кездесу кезінде мәлім етті.

Қоғамдық көлік мәселесіне түсініктеме бере отырып, Абат Шыныбеков Нан зауытының ауданы мен «Омега» зауытының ауданын қосатын Мұнай базасы ауданындағы автомобиль жол өтпесінің құрылысына толығырақ тоқталды.
— Иә, бұл көпірдің жабылуына байланысты бірнеше автобус маршруттарының қозғалыс кестесін қайта қарауға тура келді. Бұл қала тұрғындары үшін көптеген қиындықтар туғанын білемін, біз осы жол өтпесін жоспарланған мерзімнен бұрын ашу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қазір мердігер кестеден алға екі айға озып келеді. Жол өтпесі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңында ашылады — — деді Абат Шыныбеков қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып.
Естеріңізге сала кетейік, Мұнай базасы ауданындағы жол өтпесі 2018 жылдың қараша айында жабылды. Құрылыс кестесі бойынша 2021 жылдың бірінші жартысында қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған. Кейін жол өтпесін қайта құру мерзімі 2020 жылдың соңына дейін қысқарды.
Осы тақырып бойынша оқыңыз:



