Запрометовтар отбасын өлтіру туралы іс бойынша тергеушілерге не белгілі
БҚО полиция департаменті Запрометовтардың жанұясын қатыгездікпен өлтіруді тергеумен айналысатын тергеушілер туралы ақпаратты жария етті. Бұл қылмысты ашатын тергеушілердің еңбегі қандай және олар бұған дейін қандай қатты өлтіруді ашқан — осы мақалада.

Осы жылдың басынан бері Запрометовтар отбасының қатыгездікпен өлтірілуі әлі күнге дейін ашылған жоқ. Қазір полиция полковнигі Алмаз Төкенов пен подполковник Ильдар Хайруллиннің жетекшілігімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Ол үшін арнайы жедел-тергеу тобы жиналды, оған қандай полиция қызметкерлері кірді, олар туралы біз егжей-тегжейлі айтып береміз.
Ильдар Хайруллин-Зашағандағы үш бірдей кісі өлімін ашты

Полиция подполковнигі бірнеше күрделі істің ашылуымен көзге түсті. Мысалы Зашаған кентіндегі үйлердің бірінде 2 әйел мен баланы өлтіру. 2017 жылы Зашаған үйлерінің бірі отқа оранып, өрт сөндірушілер келген соң үш мәйіт — екі әйел мен үш жасар бала табылды. Бастапқыда құрбандар пайда болған өртке байланысты деп шешті, алайда кейінірек денеден пышақ жарақаттары табылды — баладан олардың 18-і, әйелдерде 30-ға жуығы болған.
Сол кезде полиция қызметкерлерінің көзіне қаза тапқандардың бұрынғы танысы Камалиев түсті, ол кейіннен Борлы төбешіктер ауданында ұсталған. Кісі өлтіру себебі қыздардың бірі онымен ешқандай қарым-қатынасты жалғастырғысы келмеген. Бас тартқаннан кейін ер адам олардың үйіне келіп, оның құрбысы мен ұлын пышақтап, сосын оны өзін күтіп, өлтіріп кетті. Осыдан кейін Әділет Қамалиев қылмыс ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберді. Сот үкімінің нәтижесінде Әділет Қамалиев өмір бойына түрмеге кесілді. Полиция қызметкерлері кісі өлтірушіні бір күнде тауып алған.
Руслан Усиев-Виталий Каркуланы өлтіру ісін ашты

Руслан Усиевтің басты ісі — Переметныйдан кәсіпкер Виталий Каркуланың өлімін ашу және оның әйелі Валентинаның денсаулығына ауыр зиян келтіру. 2014 жылдың 13-ші қаңтарында үш белгісіз біреу кәсіпкер мен оның әйеліне үйіне кіріп,шолақ мылтықпен шабуыл жасаған. Виталий сол жерде өлтірілді, ал оның әйелі Валентина аман қалды.
Сол кезде қылмыс картинасын қалпына келтіру, дәлелдеу базасын толық жинау, куәгерлер мен дәлелдемелерді табу, сондай-ақ барлық қатысушыларды анықтау үшін ұзақ уақыт кетті. Кейін Азамат Тоғаев, Мерген Иманқұлов және Кенже Біржановтың қылмыстық тобының осы кісі өлтіруіне қатыстылығы дәлелденіп,сот үкімімен бас бостандықтарынан айырылды. Азамат Тоғаев өмір бойы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, Мерген Иманқұлов пен Кенже Біржанов 22 жылға қамауға алынды.
2015 жылы Руслан УСИЕВ Алмухамбет Темірғалиевтің өлімін ашты, оның мәйіті Орал тоғандарының бірінен табылды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында, тергеуші мұқият зеттеп Азамат Алдамжаровқа қарсы мәліметтерді тапты. Сот қорытындысы бойынша Алдамжаров 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ерлан Арыстанов-Ақсайлық банданы ұстады

2018 жылы Ақсай тұрғындарын айырбастау пунктінің қызметкері Жұмағали Аралбаевты өлтірілуі жаға ұстатты. Оған көптеген пышақ жарақаты салынған. Ерлан Арыстановтың басшылығымен іздестіру жүргізілгеннен кейін Ақсай қаласында қарақшылық шабуылмен айналысқан қылмыскерлердің бір тобы қолға түсті. Олар 2015 жылы айырбастау пунктінің тағы бір қызметкері Талғат Жұмағазиев өлтірілді, сол кезде іс ашылмады.
Сот үкімімен 29 жастағы Амангелді Пішенбаев, 30 жастағы Әнуар Өтепов, 29 жастағы Жолдығали Ниталиев және 27 жастағы Жолдас Төлепов кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, Жұмағали Аралбаевты өлтірген Пшенбаевқа сот 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Төлепов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, Ниталиев пен Өтепов 16 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
Сондай-ақ, БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Запрометовтардың жанұясын өлтіруді тергеу кісі өлтіргеннен кейін үйді өртеп жіберуден созылуы мүмкін.
«Адам өлтіру жоғары қауіп төндіреді және осыған байланысты күдікті үшін қатаң жазалау шараларына әкеп соғады, сондықтан дәлелді базаны жинау процесінің өзі — еңбекті көп қажет ететін, ұзақ процесс және күдікті адамның қатысының даусыз фактілерін ұсынуды талап етеді» — деп жауап берді департаментте .
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтарда кеште Янайкино ауылында Запрометовтар отбасы қаза тапты. Өрт сөндіру есебі сағат 22:40-та ауылдың шетінде жұбайымен тұратын, 66 жастағы Александр Запрометовтің жанып жатқанн үйін сөндіруге келді.Үйдің төбе жабыны жанып жатты. Өрт сөндіру кезінде үйде пышақ жарақатының ізімен үш мәйіт табылды.
Қаза тапқан Александр Запрометов, оның жұбайы Валентина және олардың 42 жасар ұлы. Полиция үш кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жергілікті тұрғындар отбасы өте қарапайым деп сипаттап, ешкіммен қақтығыспағанын айтады.
Алексей Воробьев




