БҚО-да боран соғып, көктайғақ болады
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, 22 қаңтарда облыс бойынша көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 метр секундына арты боранға ұласқан жел соғады.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінде ауа-райы болжамына алаңдаулы. Құтқарушылар қала және облыс тұрғындарына табиғи ауа райы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.
Қатты жел, боранда қажет нәрселер:
– мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығынан күрделі құрылыста күтіңіз;
– көшеде қалсаңыз, жарнама қалқандары мен шатырлы құрылымдарды айналып өтіңіз, ағаштардың астына тұрмаңыз;
– автокөлікті гаражға кіргізіңіз, ал ол болмаған жағдайда ағаштардан және нашар бекітілген құрылымдардан алыс қалдырыңыз;
– үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді тығыз жабыңыз;
– автокөлік құралын басқарсаңыз, тоқтауға тырысыңыз;
– үй-жайда болсаңыз, терезеден алыс тұрыңыз, электр құралдарын пайдаланбаңыз;
– құрылыс объектілеріне халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғау жөнінде қосымша шаралар қолдансын, мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» телефонына қоңырау шалыңыз,- деп хабарлады ТЖ департаментінен.
Мария Драчева