Оралда полиция басшысын жұмыстан босату туралы талаппен митинг өткізгісі келеді
Орал қаласының тұрғындары полиция генералы Масхудхан Әблазимовтың отставкасын талап етуді жалғастыруда. Бұл талаппен олар 31 қаңтарда өтетін бейбіт жиналысқа шығуға жиналады.
Бүгін бейбіт митингті өткізуге азаматтық белсенділер Бауыржан Әліпқалиев пен Айболат Бөкенов өтініш берді.
— Бүгін біз Бауыржан Әліпқалиевпен Орал қаласында полиция генералының отставкасын талап етіп, бейбіт митингіге өтініш жаздық. Біз мүмкін болатын екі күнді таңдадық — 31 қаңтар мен 2 ақпан. Және билікке митинг өткізу үшін үш орынды ұсындық: Абай атындағы алаң, М. Мәметова алаңы және Сырым Датов алаңы. Біз жақында өтініш берген автокөлік жүргізушілеріне жиналысты өткізуден биліктің бас тартқаны сияқты болмасын деп,екі күн мен үш орынды таңдадық — деді Айболат Бөкенов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 3 адам Кеден одағы елдерінен автокөліктерді тіркеудің жаңа ережелеріне қарсы бейбіт митинг өткізуге өтініш берген болатын. 25 және 26 қаңтарда белсенділер берген өткен өтінімдерді билік қабылдамаған — әкімдіктің айтуынша, бұл күндері М. Мәметова алаңында түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр, бұл бейбіт жиналысты өткізуді болдырмайды.
17-ші қаңтарда полиция департаменті Орал блогері Айболат Бөкеновке азаматтық сотқа талап арыз берген. Алдағы сот процесі туралы шақыру қағазы оған SMS арқылы келіп, процесс 22 қаңтарға тағайындалған.
Алексей Воробьев