Оралдағы балабақшада бала күтуші итеріп жіберген қыздың басы жарылды
«ОА» редакциясына Зашағаннан жас отбасы жүгінді. Ерлі-зайыптылардың айтуы бойынша, өткен жылдың күзінде бала бақшадағы бала күтуші баланы итеріп қалып, ол кереуетке соғылып басын жарған. Алайда, балабақша тарапынан ешкім кешірім сұраған жоқ, ал, полиция қозғалған істі мүлдем жауып тастады.
![](https://www.uralskweek.kz/wp-content/uploads/2020/01/WhatsApp-Image-2020-01-15-at-14.44.12-1.jpeg)
— 16 қазан күні таңертең әжесі қызымыз Әлияны №17 «Родничок» балабақшасына алып келді. Қыз таңертеңнен бастап, ол жерге барғысы келмеді, бірақ әжесі оны бала күтушіге қалдырып, өзі кетіп қалды. Әлия жылауын қоймағасын, бала күтуші оны итеріп жібергенде, басымен керуетке соғылған. Бізге бұл туралы, оның өзі берді, – дейді зардап шеккен қыздың әкесі Серікғали Байбатыров.
Оның айтуынша, Клара Байымбекова (бала күтуші) қызды итеріп жібергеннен кейін, оны басқа балалармен бірге серуендеуге апарған. Қыздың басынан аққан қанды балабақшада күндізгі 12-де ғана байқаған. Сол кезде балабақша басшылығы қыздың ата-анасын шақырған.
— Біз келгенде, бізге ол шаш резеңкесіне арналған моншаққа басын жаралап алды деп айтты. Қандағы футболканы олар жуып, өздеріне салып қойған. Тәрбиеші ештеңе көрген жоқпын, — дейді Ұлжан Байбатырова, Әлияның анасы.
Серікқалидың айтуынша, 17-ші қазанда олар Зашаған полиция бөліміне арыз жазған, бірақ іс басқа тергеушіге берілді. Мұндай жағдайларда 10 күн ішінде болуы тиіс, сот-медициналық сараптама жүргізген жоқ.
– Біз учаскеге қоңырау шалғанда, онда бізге істі қайтадан біреуге бергенін айтты. Әлі күнге дейін полиция қызметкерлері не жұмыста, не іссапарда деп, бір-біріне сілтейді. Жаңа жыл алдында бізге өзін Олжас деп таныстырған прокурор қоңырау шалып, қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды деді. Тіпті бізге бұл туралы айтпай — ақ,желтоқсан айының ортасында істі жауып тастаған – деп түсіндірді қыздың әкесі.
Анасының айтуынша, қыздың басын тікеннен кейін балабақшаға баруын жалғастыруда. Балабақша басшылығы ешқандай өзгерістер енгізбеген, ал бала күтушінің өзі қыз бала бақшаға оралғаннан кейін де Әлия тобында жүрген. Тек қыздың анасының наразылығынан кейін Клара Байымбекова басқа топқа ауыстырылды.
— Бала күтуші мен тәрбиешілер біздің қызымыздың басындағы жараның қайдан болғанын білмейтіндерін айту үшін үйге келді. Сол күні жедел жәрдем де, полиция де шақыртылмаған, – дейді Серікғали Байбатыров.
Бала бақшаның өзінде болған жағдайға басқаша түсініктеме берді:
– Тәрбиешінің көмекшісі Клара Байымбекова орын алған оқиғадан кейін бір апта өткен соң өз еркімен жұмыстан босатылды. Киім шкафта болды, ата-анасының өздері оны алып кеткен жоқ. Клараға қазір менің білуімше, Абай полиция бөліміне берілген, іс қозғалды, – деп түсіндірді балабақша директоры Райгүл Тұрдашева.
Ол сондай-ақ балабақша басшылығы тарапынан зардап шеккен қыздың отбасынан кешірім сұралды деді. Сондай-ақ, қызға бірден қажетті көмек көрсетіліп, медбике қызды қарап, содан кейін ғана ата-анасы шақырылғанын айтты
Алексей Воробьев