Айсұлтан Назарбаев: «Өз жүрегіңізге сеніңіз»
«Орал апталығы» құқық иеленушінің рұқсатымен Айсұлтан Назарбаевтың Exclusive.kz. сайт журналистімен сұхбатын жариялайды
«Жақын арада олар мені өлтіруге тырысады, не жынды қылуға тырысады, не болмаса әкем сияқты камерада асып тастайды! Менің күшім Аллахпен және оның ұлы Исамен және Киелі Рухпен», – деп жазды, Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаеваның және 2015 жылы австриялық түрмеде асылып қалған Рахат Әлиевтің ұлы Фейсбук бетінде Aisultan Rakhat атымен.
Ал кеше онда мынадай хабар пайда болды: «Егер менімен сөйлескіңіз келсе, барлық журналистер Priory Hospital Hayes Grove. Менің телефон нөмірі +447….»(Стилистика, орфография және автордың пунктуациясы сақталған. – Ред.).
Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі оған туған анасы Дариға Назарбаева қауіп төндіретінін айтады (БЕЙНЕ)
… Телефонға соғылған қоңырауды бірден алды. Ол видеобайланыс арқылы шықпағандықтан, Айсұлтан оның өзі-Рахат Әлиевтің ұлы және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің немересі екенін қалай растайсың деген сұрақ қойылды.Жауабы:»Өз жүрегіңізге сеніңіз» деді. Сұхбат бір жарым сағатқа созылғанмен, нақты жазба тек 30 минут болды. Әдетте Ұлыбританиямен тамаша байланыс осы жолы үзілді, дыбыс жоғалды. «Айырып тастап жатыр», — деді Айсұлтан. Ол қатты ауырып тұрды ма, әлде сау болмады ма,әлде басқа бір нәрсе ме: ауа жетпегендей дауысы бірде баяулап, бірде сыбырлап естілді.
Айсұлтан Хейс қаласында (Лондон маңы) орналасқан нашақорлықтан және депрессияның ауыр түрлерінен емдеу клиникасында Priory Hospital Hayes Grove екенін хабарлады.
– Біріншіден, қауіпсіздік мақсатында, екіншіден, сауығу керек, – деді ол.
– Сіз кімнен қорқасыз?
– Анаммен, оның адамдарынан. Бірінші кезекте – ҰҚК экс-генералы Әлнұр Мұсаевтан.
— Сіз оларға немен ұнамай қалдыңыз?
— Олар өз сиқырымен мені өлтіре алмады. Сіз білесіз бе, ҰҚК адамдарды сиқырмен тартады?
— Сіз, бәлкім, гипноз жайын айтып тұрған боларсыз?
– Жоқ, мен сиқыр туралы айтамын. Ол әртүрлі типті болады.
Әрі қарай Айсұлтан одан әрі таң қалдырды:
— Мені әрқашан атама тартатын. Кейінірек ол менің әкем екені анықталды. Түсінесіз бе?
– Сонда сіздің анаңыз кім?!
– Білмеймін. Бұл сұрақты менің атама қою керек. Бірақ сіз бұл туралы одан сұрағанда, мен жақын болуым керек, қалай, не болғанын түсіндіру үшін.
– Сонда Рахат Әлиев сізге кім болып келеді?
— Ол мені тәрбиелелеген әкем. Мен оған әлі күнге дейін тірі болып және әлі де өз аяғыммен жүргеніме ризамын.
— Қазір сізде кім бар? Жалпы, сіз немен өмір сүресіз?
— Менің барлық ақшамды анам алып қойды. Менің шоттарымда өте аз ақша болған кезде, ол менің шоттарымды басқару үшін сенімхатқа қол қойдым.
— Сіз шетелдік шоттарды айтасыз ба?
— Менің шотым жоқ, ақшасы тасқан бай емеспін, бірақ қазіргі уақытта жаман емеспін. Құдай қанша ақша жібереді, маған жетіеді. Бақыт билік пен ақшада емес.
– Рахат Әлиев өз активтерін сізге жазғаны рас па?
— Бұл ақша жоқ. Оларды менің анам, Әлнұр Мұсаевпен бірге ұрлап кеткен. Екеуі өмір бойы Қазақстанда билікті қалай басып алуға болады деген жоспар құрып келді. Осы жылдар бойы анам Қазақстанда болған барлық қозғалыстардың сұр кардиналы болды. Егер сіз оның анасы Сара Алпысқызына қатысты қанша былық жасағанын білсеңіз.
– Ал сіздің балалық шағыңыз бен жастық шағыңыз бақытты болды ма?
– Менің анам отбасын бұзды. Барлық шиеленістер мен туысқандарының бір-бірімен жауласуы соған байланысты.
– Сіз Дариға Назарбаеваны айтасыз ба?
– Әрине. Ол қалай жасайды? Ал сіз Сара Алпысқызынан сұраңыз, Әлия Назарбаева мен Динара Нұрсұлтанқызынан сұраңыз. Олар бәрін біледі, бірақ бірдеңе айтуға қорқады.
— Бірақ сіздің атаңызды өзін айла-шарғы жасауға жол беретін әлсіз адам деп айтпайсың.
— Ол-өте мейірімді адам және өзінің барлық балалары үшін бәрін жасауға дайын әке.
— Бүгін кімді ең жақын адам немесе дос деп санайсыз?
– Менде Аллаһтан басқа досым жоқ.
– Ал Қазақстанға қайтып оралмайсыз ба?
– Шындықты айту үшін оралғым келеді. Құдай мені оған шақырады. Өзім де оның мені таңдауына қайран қалам. Мен ең жақсы адам емеспін. Мен оған (Құдайға) мені наркоманияға әкелгені үшін ризамын.
— ?!
— Шетінде тұрып өлімді көргенде, өзгере бастайсың және адам болуға ұмтыласың. Егер сіз осында келсеңіз, мен сізге есірткіні қалай және неге қолданатынымды айтып берер едім. Бұл өте ұзақ әңгіме, ол көп уақыт алады.
— Сізді есірткіге кім салды?
— Бұл менің таңдауым болды. Мен әлсіз және жалғыз болдым. Мен жақын болған әкемді жоғалтып алдым. Атам менен алыс болды. Оның маған қолы тимеді-ол әрдайым көп жұмыс істеді. Шынымды айтсам, Қазақстанда Әлнұр Мұсаевта жұмыс істедім. КСРО жанындағы МҚК мектебінен өткен бірнеше мамандардың бірі, КСРО ІІМ Бас басқармасының 8 жүйесінде Мәскеуде жұмыс істеген жалғыз қазақ, ол жұмысқа тарта білді. Мұсаев мені Австрияға әкемді отанына қайтару үшін жіберді. Бірақ мен бұл міндетті орындамадым, сосын олар анаммен оны түрмеде өлтірді.
– Бірақ Рахат Әлиев өз-өзіне қол жұмсады!
— Тергеу органдарынан дәл осылай болғаны туралы қорытынды әлі күнге дейін жоқ. Оның өлімі әлі күнге жұмбақ.
— Біздің білуімізше, сіздің әкеңіздің мойнында кінәсіз өлген адамдардың қаны бар .
— Мен оған жауап бере алмаймын. Бұл оның өмірі, жолы. Шынымды айтсам, мен тіпті білмеймін, оның біреуді өлтіргендігіне сене алмаймын. Егер иә болса, Алла алдында ол өзі жауап береді.
– Сіз есірткіні алғаш рет қашан пайдалаңдыңыз?
– Бірінші рет? Мен ол кезде өте жас болдым. Содан кейін одан кете алдым. Бірақ әкем қайтқан кезде, тағы да есірткіге түсіп кеттім. Олардан шығу өте қиын. Мүмкін, бұл менің әлсіздігім болар. Сондықтан Құдай маған неге көмектесетінін түсінбеймін.
– Ал Лондондағы полицейлермен болған төбелеске қалай түсініктеме бересіз?
— Мен онда қандай жағдай болғанын айтайын. Анам Англияға өз адамдарын жіберді, олар менің қолымды бұрап, Қазақстанға алып кетіп, содан кейін Ресейде түрмеге қамау үшін. Сіз менің бір жылдан астам түрмеде болғанымды білесіз бе?
– Иә, біз ағылшын соты сізді бір жылға шартты түрде үкім шығарғанын білеміз.
— Ол сосын. Мен бұған дейін Орлода 14 ай отырдым. Мені онда сотсыз, тергеусіз қамап тастады. Бұл жолы да анам соны қайталауды шешті. Жақсы физикалық формамның арқасында мен оның адамдарынан қашып кеттім. Мен ағылшын түрмесінде оянғаныма қуандым. Мені олардан сақтағаны үшін Құдайға алғыс айттым. Бұл жолы анамның қолына түссем, бәрі нашар аяқталар еді. Егер сіз мұны тереңірек қазсаңыз, онда сіз білесіз!
— Онда шын мәнінде не болды?
– Ал сіз Ксения Шевелеваға хабарласыңыз,бұл мен кірген пәтер иесі. Ол қазір тірі не өлі екенін білмеймін,бірақ егер тірі болса, онда шын мәнінде не болғанын айтады.
– Ал, егер Лондонда өзіңіздің пәтеріңіз болса, неге басқаның пәтеріне кірдіңіз?
— Ха! Өйткені, Екатеринбургке бірнеше жылға түрмеге барғым келмеді, мен әлі тірімін, жүрмін.
– Ағылшын полицейлерімен төбелескеннен кейін сіз ағылшын түрмесінде қанша уақыт өткіздіңіз?
— Бір ай.
– Бірақ неге полиция қызметкерін ұрдыңыз?
— Олар мені ұрды, ал мен олардың бірінің қолынан тістеп алдым, содан кейін адамдар неше түрлі оқиға ойлап таба бастады. Мен сіздерге, журналистерге осындай себеп бергеніме рақмет айтыңыздар.
— Бүгін сіз өз отбасыңыздың құрбанымын деп ойлайсыз ба?
— Мен олай демес едім. Атадан сұраңыз. Данышпан адам, ол маған қарағанда мың есе көп жағдайды басынан кешірді. Батыста оны қу түлкі деп атайды, бірақ ол түлкі емес. Атам өте мейірімді адам. Әрине, оның мінезінде кез келген басқа адам сияқты қандай да бір кемшіліктер бар. Мен оны пайдакүнем еместігі үшін жақсы көремін.
– Ал Қазақстанда оны бүкіл елді оның жақын туыстары жекешелендірген деп айыптайды.
– Сіз оны жекешелендіруге кім айтқанын білесіз бе?
– Кім?
— ИЯ, тағы да ол-менің анам. Бірақ ол ерлер қолданатын әдістермен жұмыс істемеді. Әйелдер де басқа — қулық, бір-біріне от жағып, айдап салу.
– Сіз әкеңізді жерлегенде болдыңыз ба.
— Болдым. Біз оны үшеуміз жерледік — мен, ағам мен әкемнің екінші әйелі.
— Ал, ағаңызбен хабарласып тұрасыз ба?
– Ағаммен? Э-э… жалпы отбасым мені ұзақ уақыт қуып, Мені Алладан бұрылып, барлық қараға табындырғысы келді. Ал сіз түсінесіз бе, мені. Мен ағаммен қарым-қатынасты жақсартуға тырысудамын Мен ештеңеге қарамастан оны жақсы көремін.
— Сіз сөйлесіп тұрасыз ба?
– Кейде, бірақ сирек.
– Атаңызбен ше?
— Мен онымен бір жыл бұрын ренжісіп, кетіп қалдым. Мен сізге, журналистерге айтатыным көп.
— Ал өткен жылдың 19 наурызында атаңыз посттан кеткен кезде сіз қалай қабылдадыңыз?
– Оның анам мәжбүр етті.
– Не тапты, таққа отырмады ғой.
— Бірақ ол отырамын, деп үміттенді.
-Сіз отанымызда не болып жатқанын қалай қабылдайсыз?
— Әзірге атасы басқарып отырғанда, Қазақстанның болашағы бар.
– Сіз атаңызбен болған жағдайды еске ала аласыз ба?
– Мен бала кезімде тентектеу болдым. Ол маған айтқан кезде алты жаста едім, ол маған:»Тек шындықты айт. Жағдайға қарамастан әрдайым адал бол»деді.
– Ал басқа атаңыз, академик Әлиевпен араластыңыз ба?
— Мен бұл туралы қатты өкінемін,бірақ сол кезде уақыт та жоқ еді. Президент атам мен әкем арасында соңғы келіспеушілік болған кезде (анам кезекті рет бір-біріне айдап салған кезде, бұл 2016 жылы болған сияқты), мен футбол алаңында болдым. Әкем маған қоңырау шалып, үйге баруымды айтты. Келіп, онымен ұрыссып қалдым. Мен сол кезде Әлнұр Мұсаевқа жұмыс істедім. Бұл адам менің көзқарасымды өзгертті, бірақ менің мақсатым болды-әкемді құтқару. Сол кезеңде қалғанның бәрі маған бәрібір болды. Анамды сирек көрдім, ол маған ешқашан уақыт бөлмеді, ал әкем екуміз дос болдық. «Қалай сен мұндай жол бердің?»Ал ол:» күшік! Қайда сен қайда барасың?»
– Ал, Әлнұр Мұсаев сізді қандай мақсатпен, сол жасөспірім кезіңізде өзіне тартты?
– Президентке жақын болу үшін және әкемді «бағу» үшін. Мен осындай саясатқа тез үйрендім. Маған ҰҚК жұмысының әдістеріне әкем бала кезімде үйреткен. Қандай да бір рөлдерді ойнадым, кез келген адам болдым, бірақ тек өзім емес. Содан кейін, әкем жанымда болмаған кезде, мен атаммен қарым-қатынас жасай бастадым, оны да әкем сияқты жақсы көріп кеттім. Мен ішінде қандай да бір түсініксіз теңгерімсіздік басталды. Атаммен бе, әкеммен бе. Олар екеуі де маған қымбат еді.
– Сіздің әкеңіз Нұрсұлтан Назарбаев туралы бірнеше кітап жазды. Олар қаншалықты шындыққа сай?
— Мен оларды оқымадым. Әкем шет елде болғанда, олар атамен бір-бірімен үнсіз байланыста болды, адамдардың көзінше жаулар сияқты болып жүрді.Анам олардың ұрыссып қалғандарына сену үшін.
— Дариға Нұрсұлтанқызы атаңыздың туған қызы емес екен деген сыбыс жүр.
— Мен білмеймін. Менің ДНҚ барлық жерде, оған қатысты айтсам, еуропалық елде талдау жасаудың түр-түрі бар менің ойымша.
– Рахат Әлиев менің әкем болмауы мүмкін, деген өтінішіңізді қалай түсінеміз? Сонда сіз кімнің баласысыз?
– Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішевтен сұраңыз.
– Айсұлтан не туралы армандайсыз?
– Ақырзаман болмаса екен. Мен кетуге дайынмын, бірақ басқа адамдар туралы ойлаймын. Маған жерге, адамдарға қарау аянышты…
Мерей Сүгірбаева