«Машинаны өртеп жіберу ғана қалды!» Кеден одағы елдерінен әкелінген автокөлік иелерінің тығырықтан шығудың қандай жолдары бар?

Қазақстан билігі 6 жылдан кейін қазақстандықтардың шетелдік нөмірлері бар машиналардың қозғалысын реттейтін нормалар туралы «еске түсірді», сондықтан қазір шетелде тіркеулі көлік иелеріне, олардың көліктері есепке алынбаса, онда «темір аттарын» елден шығарып жіберетіні туралы ақпарат айтылуда.

Бақыт хаты

Соңғы айда ЕАЭО елдерінен автокөліктерді тіркеу тақырыбы Қазақстанда жиі талқыланатын болды. Ал барлығы 2019 жылдың маусым айында ҚР ІІМ атына Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының атынан ҚР ІІМ атына «КазАвтоПром» (одаққа «БИПЭК Авто», СеМАЗ және Daewoo Bus Kazakhstan компаниялары кіреді) ҚР ІІМ атына хат жолдануынан басталды. Өз Жолдауында одақ техникалық регламент талаптарына және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарына қатысты шаралар қабылдауды сұрайды.Бірақ талаптардың түрін, қандай шаралар қабылдау қажет екенін нақтыламады. Бірақ жалпы пайдаланудағы жолдардағы Армян және Ресей нөмірлері бар машиналарды пайдалануды шектеу туралы мәселе болып отыр деп айту қиын емес. Армян, Қырғыз, Ресей және Белоруссиядан әкелінген автокөліктерге деген өзінің жеккөрушілдігін Одақ, «көршілес елдердің аумағынан әкелінетін ұсталынған автомобильдер санының өсуі қазақстандық жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, отандық автопаркті жаңартуға бағытталған мемлекеттің күш-жігеріне де кедергі келтіреді» деп есептейді. Бұл құбылыс тіркеудің болмауы осы автомобильдерді есепке алуды қиындатады және ЖҚЕ бұзушыларға жауапкершіліктен қашуға мүмкіндік береді».

Осыдан кейін күзге қарай әкелінген көлікке қатысты айыппұлдардан бастап елден тыс жерлерге шығарып жіберілгенге дейінгі шаралар қабылданатын болады деген жариялымдар желіде пайда бола бастады.ІІМ оған басты себеп шетелдік тікеудегі көліктердің ЖҚЕ сақтамауы мен ЖКО көбеюі дейді. Бірақ, ІІМ-нің Қазақстанда тіркелмеген автокөліктердің жүргізушілері жазасыздықты сезініп, жол қозғалысы ережелерін бұзады және айыппұлдан қорықпай, камералар мен жылдамдық өлшегіштерді елемейді деген дәлелдерімен автокөлік иелері келіспейді. Олардың пікірінше, мемлекет автокөліктерді шеттен әкелу тиімсіз, автокөлік бизнесінің олигархтары мен жаңа автокөліктерге автонесие беретін банктердің мүдделерін қорғайды.

«Біз заңгер емеспіз»

Осыған орай, 16 қаңтар күні елімізде Ақтау, Атырау, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Жаңаөзен, Семей және Петропавл қалаларында аяқ асты митингтер өтті. Осы қалалардың әрқайсысында көшелерге 150-ден астам адам шықты. Көлік иелері билік шетелдік нөмірлері бар машиналарды әкелуге ешқандай кедергі келтірмегеніне және шекарада түсініктеме бермегеніне наразы.

«Қазақстан азаматтары Армениядан автокөлік әкеле бастағанда Үкімет неге үндемеді? Қандай да бір жаднамалар да бермеді. Тіпті дүкендер де өзінің жеңілдіктері туралы хабарлама жібереді, ТЖ ауа райы туралы ескерту жібереді неге мемлекеттік органдар көлік туралы заңға өзгеріс енгені туралы сілтеме жібермеді? Біз қарапайым адамбыз, заңгер емеспіз! Біз заңдарды жаттап жүре алмаймыз! Бізге оларды түсіндіруі керек еді! – деп, Армениядан әкелінген Honda CR-V иесі Ерболат Мұсағалиев наразылық білдірді.

Мұндай сұрақтарға жауап ретінде полиция түсіндірулер болғанын, ал бұл туралы ешкімнің естімегені – жүргізушілердің өз кінәсі деді.

«Заң барлығына бірдей. Машинаны сатып алудан бұрын заңды оқып шығу керек еді. Қазір біз барлығыңызға айыппұл салу мақсатын қоймаймыз, біз түсіндірудеміз», — деді ЖП әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жанболат Жаншин.

«Кедендік рәсімдеу» – бәріне емес

Шетелдік автокөліктерді 10 күн ішінде тіркеу туралы Норма «Жол жүрісі туралы» Заңның 63 және 65-баптарында бұрыннан жазылған. Бұл құжаттың 63-бабында «халықаралық жол жүрісіне қатысатын» және Қазақстанға бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін машиналарды қоспағанда, барлық автомокөліктер міндетті түрде ҚР-да тіркелуі тиіс. 65-бап машина, егер ол шетелдікке тиесілі болса, уақытша әкелінген және елде тіркелмеген болса, онда «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қозғалыста» деп есептеледі. ҚР азаматтары 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Қырғызстанда және 2014 жылдың 10 қазанына дейін Армениядағы кедендік рәсімдеуден өткен көліктерді еркін әкеле алады. Ал жаңа машиналар Қазақстанда қосымша кедендік рәсімдеуден өтіп, одан кейін полицияға қайта тіркеуден өтуі тиіс, себебі 2014 жылдан кейін Қырғызстан мен Арменияда жеке пайдалануға арналған автокөліктерді Кедендік ресімдеу жеңілдетілген. Бір сөзбен айтқанда, кедендік баж сомасының айырмашылығын төлеу», – деді Мемлекеттік кіріс департаменті кедендік әкімшілендіру бөлімінің басшысы Қайрат Кенжегужин.

Ал Ресей мен Беларусь автокөліктерімен жағдай басқаша. Кедендік рәсімдеуді олар бұл елге келген кезде өтеді, сондықтан тағы бір рет төлеу керек емес.

Осыған байланысты автоәуесқойларда сұрақ пайда болды – «Егер елдер ішінде тауарды баж салығынсыз алу мүмкін болмаса, онда Кеден одағы не үшін құрылды?».

Сіздерге көмек қолын созсақ ше…

Жүргізушілер мемлекетке нормаларға сәйкес келетін машиналар кедергісіз тіркелуі үшін есепке қою құнын 200-500 мың теңгеге дейін төмендетуді ұсынады.

«Тіркеуге кететін үш миллион, кез келген адам үшін үлкен сома. Егер сома 200-300 мың болса, адамдар ондай ақшаны таба алады. Бұл мемлекетке пайдалы – барлығы есепте болады, барлығы салықтар төлейді. Неге наразылық толқынына жеткізу керек?»-деп, Nissan Tiida иесі Георгий Читанава ұсынды.

«Иә,сома, нақты болуы керек. Біз жария ету үшін, бірақ бұл барлығына қол жетімді болуы тиіс!»-деп жүргізуші пікіріне белсенді Бауыржан Әліпқалиев қолдау білдірді.

Оралдағы митингіге қатысқан барлық жүргізушілер есепке алынатын көлік үшін 1-3 есе артық соманы төлеу, — дұрыс еместігін бір ауыздан қолдады.

«Қазақстанда шетелдік нөмірлермен 200 мыңға жуық машина бар, тіпті 500 мың теңгеге соманы азайтса да, 100 миллиард теңге болады, есептеңіз. Бұл үлкен ақша!»- деді Оралдың автокөлік иелерінің бірі.

Алайда басқа да есептерде бар.

«Үш жылдық немес одан да көп автокөлік құны $3 000 және қозғалтқыш көлемі 1,6 литр болса, Қазақстанда тіркеу үшін барлық қосымша ақы 2,3 млн теңгені құрайды. Қымбат машиналар үшін-жоғары. Мысалы, егер авто $10 000 болса және қозғалтқыш көлемі 2,5 литр болса, қосымша ақы 2,8 млн теңгені құрайды. Осылайша, егер 170 000 автокөліктің барлығы тіркеуден өтпегенін ескерсек (мысалы, «оң рулділер» өтпейді) және орташа құны $5 000 — ға тең болатын автокөлік үшін 2,6 млн.теңгені құрайды — Қазақстан бюджеті 300 миллиард теңге ала алады, ал 120 мың автокөлікті тіркеу , яғни елге әкелінген автокөліктердің 70%-ы», – деп жазды өз телеграмма-каналында аналитик Андрей Чеботарев.

Әрине, сомадағы айырмашылық үлкен және мемлекет жүргізушілерге қаржылық тұрғыдан көмек танытуы екіталай, бірақ екінші жағынан – егер барлығы автокөліктерді жаппай бөлшектеп әкететін болса, онда бюджет олардан ештеңе алмайды.

Қандай нұсқалар бар?

Жалпы нұсқалар көп емес,тіпті жүргізушілер шарасыздыққа баратындарын да жасырмайды.

«Мұндай проблемалы машинаны кім алады? Сату мүмкін емес. Есепке қою машинаға кеткен ақшадан да көп. Арменияға апара алмайсың – онда өздерінде көлік толып тұр. Бізде қалғаны көлікті өртеп жіберу!»,– дейді Ерболат Мұсағалиев.

«Мен 1,2 миллионға көлік әкелдім. Ол есепке алынбайды-нормалар бойынша өтпейді. Жақсы, Грузияда менің туыстарым бар! Мен оларға алып барамын, бірақ басқалары, қайтпек? Бөлшектеп сатуға болады, бірақ тиын құрайды, сосын толып кеткесін алуды да тоқтатады. Мен Кедендік одақ осылай болады деп ойлаған жоқпын», — деді Георгий Читанава.

Осылайша, автокөлік иелерінің бірнеше шығу жолдары бар екен:

Барлық алымдарды төлеу және автокөлікті ресімдеу (бұл бәріне бірдей емес, өйткені бұл қымбат және барлық машиналар бастапқы тіркеу өлшемдеріне сәйкес келмейді);

Автокөлікті ұстап алғанға дейін ҚР – дан 30 күннен астам мерзімге шығып, содан кейін қайта қайтып келіп, тағы 12 ай жүру, содан кейін тағы осылай қайталап (бұл туралы «Жол жүрісі туралы» заңның 63-бабының 2-бөлігінде айтылады, бірақ егер машинаны елден шығарып тастаса-бұл нөмір өтпейтінін ескеру қажет. Бірақ, бұл шетелдік автокөлікті сенімхат бойынша басқаратын адамдарға ыңғайлы. Армения мен Қырғызстаннан автокөлік әкелгендер көлікті уақытша сол жерде тіркейді, ал техпаспортты өзіне рәсімдейді, яғни көлік құралы — олардың меншігі. Мұндай автокөлік әкелгендер он күн ішінде Қазақстанда есепке қою керек, (бастапқы есепке алу ақысын, акциз және қалдықтарды өңдеу жұмысын төлеу);

Автокөлікті бөлшектеп сату (сізге машина танымал модельде болса да, машина құнынан 3-4 есе аз төлейді. Бұл адамдар көліктерден жаппай құтыла бастағанға дейін өзекті);

Автокөлікті шетелге шығарып, сату.

Бұл мәселені шешудің тағы бір мүмкіндігі – егер мемлекет әкелінген автокөліктер үшін қоғам наразылығының қысымымен басқа бір жолын қарастырса  (мұндай авто үшін рақымшылық жасаса немесе кедендік рәсімдеу құнын төмендетсе).

Нана Ықсанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-12
Утром14.99 ℃
Днем26.14 ℃
Вечером24.82 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.94 м/с
2024-09-13
Утром12.96 ℃
Днем23.31 ℃
Вечером23.63 ℃
Ночью17.3 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.05 м/с