Мичурин тұрғындары «Орал Таза Сервис» қызметтерінен бас тартқысы келеді

Мичурин тұрғындары «Орал Таза Сервис» ЖШС-нен қоқыс шығарғаны үшін төлем төлеуден бас тартып, бұрын жазылған түбіртектерді қайтарып алуды талап етті.Ауыл тұрғындарының жиыны кезінде округ тұрғындары мұндай шешімді бірауыздан қолдады.

Мичурино тұрғыны «Орал Таза Сервис»ЖШС-нің жұмысы туралы айтуда.

Бүгін, 24 қаңтарда, ауылдық мәдениет үйінде қоқыс жинаушы компания директорының орынбасарымен қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдауға Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мұсалимов және «Орал Таза Сервис»директорының орынбасары Жасұлан Ишмұхамбетов қатысты.

Мичурин тұрғындарының бірі Ирина Бершбаева компанияның дәрменсіздігін және оның тарапынан қалыпты қызметтердің болмауын айтты:

— Кент аумағына қоюға уәде еткен қоқыс бактарын ақыры қоймады. Түбершіктерге үнемі артық адамдар тіркейді, екі адамның орнына алты адам болуы мүмкін. Қоқысты бізде әкетпейді, өзіміз шығарамыз, бізбен жеке-дара шартқа да отырған жоқ. Тек шот жазып бере береді, кімге 5 мың, кімге 13 мың, -деп «Орал Таза Сервис» жұмысына шағымданды.

Компания директорының орынбасары Жасұлан Ишмұхамбетов оған контейнерлерді орнату туралы сұраққа жауап берді:

Компания директорының орынбасары Жасұлан Ишмұхамбетов.

– Біз контейнерлерді орнатпаймыз, себебі ол біздің ауылдық округ әкімдігімен жасасқан шарттағы тарифке кірмейді. Контейнерлер ауыл әкімдігінің бюджеті есебінен орнатылуы тиіс. Біз тек ауылдан ҚТҚ шығаруды жүзеге асырамыз, – деді ол.

Ауыл тұрғындары мен Орал Таза сервистің қарым-қатынасындағы негізгі мәселе келісім шарт болды. Жиын барысында компания ауылдық округ тұрғындарымен қоқыс шығаруға жеке келісім-шарт жасамағаны анықталды.

– Қоқыстарды шығару үшін бізге төлем түбіршегін бердіңіздер. Кімге 5 мың, кімге 13 мың. Бірақ ешкіммен шартқа отырған жоқсыздар. Сіздің талабыңыз заңсыз. Сөз жүзінде де, іс жүзінде де, сіз бізге ешқандай қызмет көрсеткен жоқсыздар. Біз сізге не үшін төлеуіміз керек? —деп, жергілікті тұрғын Жасұлан Төлегенұлы ауыл тұрғындарының ортақ көзқарасын білдірді.

— Біз ауылдық округ әкімдігімен келісім-шартқа отырдық, мұндай келісім-шарт негізгі болып саналады. Сондықтан да, әрқайсыңызбен жеке-дара шарт жасасуға міндетті емеспіз. Іс жүзінде әрбір үй қоқыс шығарады. Біз күн сайын Мичуриннен қалдықтарды тасимыз. Бірақ сіздер, бізбен жеке келісім-шарт жоқ деп, төлегіңіз келмейді, – деді «Орал Таза Сервис»ЖШС директорының орынбасары Жасұлан Ишмұхамбетов.

Алайда тұрғындарды мұндай жауап қанағаттандырмады. Олар әрқайсысымен жеке шарт жасауды талап етіп, компания қызметіне тек егер олар кентте контейнерлерді орнатса және қызмет сапасын жақсартса ғана

төлем жасауға келісетіндерін білдірді.

— Барлығымыз дауыс берейік: біріншіден, біз «Орал Таза Сервис» жеке келісім шартсыз жазып берген барлық шотты алып тастауды талап етеміз; екіншіден, біз әрқайсымызбен жеке келісім-шарт жасауды талап етеміз, сол бойынша қызметтер үшін ақы төлейміз; үшіншіден, біз барлық санитарлық нормаларға сәйкес кент аумағында қоқыс бактарын орнатуды талап етеміз. Әйтпесе, біз «Орал Таза Сервис» қызметінен бас тартамыз», — деді Шәмшіден Мұқашев.

Адамдар «Орал Таза Сервис» қызметінен бас тарту үшін дауыс беруде.

Барлық қатысушылар оның сөздерін қолдау ретінде қолдарын көтерді. Жергілікті әкім, Максим Мүсәлімов халық толқуын тыныштандырды.

– Компания қызметінен бірден бас тарта алмаймыз, себебі кенттен қоқыс шығаратын ешкім болмай қалады. Сондықтан менің ұсынысым «Орал Таза Сервиске» 10 күн ішінде барлық мәселелерді шешуге уақыт берейік. Содан кейін келесі қоғамдық тыңдауда біз түпкілікті шешім қабылдаймыз, — деп аяқтады ол.

Алексей Воробьев, Фото Артем Букреевтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-23
Утром-19.19 ℃
Днем-14.82 ℃
Вечером-14.51 ℃
Ночью-13.3 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.41 м/с
2025-01-24
Утром-12.46 ℃
Днем-10.57 ℃
Вечером-9.68 ℃
Ночью-10.11 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра5.99 м/с