Қазақстанның барлық қалаларында жүргізушілердің наразылық акциясы өтеді
Акция ұйымдастырушылары шетелдік нөмірлері бар автокөлік иелерін облыс әкімдіктерінің ғимараттарының алдында барлық облыс орталықтарында жиналуға шақырады. Алдағы жиын туралы сурет әлеуметтік желілерде белсенді таратылады.

Хабарландыруға сәйкес-Кеден одағы елдерінен әкелінген автокөлік иелерінің жиыны 2020 жылдың 31 қаңтарында облыс әкімдігінің алдында Нұр-сұлтан уақыты бойынша 15.00-де (Орал уақыты бойынша 16.00) өтеді.
Алаңға Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Алматы, Нұрсұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Орал, Өскемен қалаларында шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан билігінің Қазақстанға Армения, Қырғызстан және Ресейден әкелінген автокөліктерді пайдалануды шектеу туралы шешімі автокөлік жүргізушілерінің наразылығына себеп болды. Жаңа ережелер бойынша осы елдерден әкелінген барлық автокөліктер қазақстандық есепке тұруы және тіркеу рәсімінен өтуі тиіс, ол көлік иелеріне барлық кедендік баждар мен пайдаға асыру алымын төлеуге міндеттейді. Автокөлік иелері мұнымен үзілді-кесілді келіспейді, өйткені барлық осы алымдар мен баж салығын төлеу машинаның шығарылған жылы мен қозғалтқышының көлеміне байланысты әрбір машина орташа 1,5-3 млн теңгені құрайды.
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар автокөліктер жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін еместігін айтады.
Автокөлік иелері,бұл жаңалық тек қана жаңа автокөлікті сататын автосалондарға ие қазақстандық олигархтардың мүддесін көздейді деп санайды. Сондай-ақ, автокөлік иелері 2014 жылдан бастап мемлекеттік органдар азаматтарға осы елден әкелінген автокөліктерді міндетті түрде тіркеу қажеттілігі туралы ескертпегені туралы сұрақ қояды.
Бұрын хабарланғандай, Орал қаласының жүргізушілері бірнеше наразылық акциясын өткізбек.
Нана Иксанова
