Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирус мәселелері бойынша call-орталық құрылды

Азаматтар тәулік бойы әлемдегі коронавирус ауруы туралы, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары мен негізгі белгілері туралы барлық ақпаратты біле алады.

Иллюстрациялық фото

Cаll-орталығының нөмірлері 1406, +7 717 2 76 80 43

Орал әуежайында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқас анықталған жағдайда арнайы жаттығу сабағы өткізілді. Осылайша, инфекцияны анықтауға және адамға алғашқы көмек көрсетуге бағытталған барлық қызметтер мен ведомстволардың дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуды облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жедел медициналық жәрдем станциясы, обаға қарсы күрес станциясы, БҚО дезинфекция орталығы және әуежай мамандарымен бірлесіп, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өткізді.

— Коронавирусты тек зертханалық зерттеулер растай алады. Мұндай жағдайда бізде БҚО денсаулық сақтау басқармасы базасында ведомствоаралық штаб құрылды,- деді Орал қаласының Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелік басқармасының басшысы Айтқали Батыров.

Аурудың негізгі белгілері:

— Жоғары дене температурасы, 380 және одан жоғары

— Жалпы әлсіздік

— Жөтел

— Ентігу, тыныс алудың қиындауы

Аса ауыр жағдайларда инфекция пневмония, ауыр жіті респираторлық синдром, бүйрек жеткіліксіздігінен кейін, өлім тудыруы мүмкін.

Коронавирустар (CoV)-бұл жақын шығыс респираторлық синдром (MERS-CoV) және ауыр жіті респираторлық синдром (SARS-CoV) сияқты ауыр аурулармен аяқталатын ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы. Жаңа коронавирус (2019-nCoV) — бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа ауру.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.38 ℃
Днем27.7 ℃
Вечером27.01 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.07 м/с
2026-07-13
Утром19.07 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером22.76 ℃
Ночью21.79 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.6 м/с