ЕАЭС елдерінен келген көліктер үшін сары нөмірлер: «Оралда ниет білдірушілер әзірше жоқ» (БЕЙНЕ)
Акцияның бірінші күнінде Қазақстанға Армения, Қырғызстан және Ресейден әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу сәтсіз аяқталды. Оралда өз көлігін уақытша тіркеуге қойғысы келетін бірде-бір көлік иесі табылмады.
Бүгін, 1 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да ЕЭО елдерінен автокөліктерді уақытша тіркеу бойынша бірде-бір факті тіркелген жоқ. Келушілерді күтетін арнайы бөлім полиция қызметкерлері мен Арнайы ХҚКО-да мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері жарты күнді босқа өткізді.
– Таңертеңнен бастап бізге тек 16 адам ғана түсініктеме алуға өтініш берді. Олардың тек біреуі ғана Армениядан, қалған 15 адам Ресейден автокөлік алып келген. Олардың ешқайсысы көлік құралын уақытша есепке қойған жоқ, — дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.
Қазақстан билігінің осы жылдың 1 ақпанынан бастап Армениядан, Қырғызстан мен Ресейден келген автокөліктерді уақытша тіркеу талабы осындай автокөлік иелерінің көптеген наразылықтарына ұшырады. Уақытша тіркеудің мәні-автокөліктердің иелері арнайы ХҚКО-ға келіп, бір жылға өз көліктеріндегі армян, қырғыз және ресейлік мемлекеттік нөмірлерді тапсырып, орнына ерекшк үлгіде жасалған қазақстандық сары нөмірлер алуы тиіс. Бір жылдан кейін сары нөмір өз күшін жоғалтады және автокөлік иелері өз автокөліктерінің барлық төлемдерін төлеп, қазақстандық ретінде ресімдеуге не өз автокөліктерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тура келеді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басында Қазақстанда билік кенеттен Қазақстандықтардың Армения, Ресей және Қырғызстаннан алған автокөліктеріне назар аударды. Үкімет мұндай автокөліктерді пайдалануды шектеуді шешті және олардың иелерін кедендік рәсімдеу рәсімінен өтуге, кәдеге жарату алымын төлеуге және автокөлікті есепке қоюға міндеттеді. Бұл автокөлік иелері арасында наразылық тудырды, өйткені 2015 жылдан бастап ҚР Үкіметі мен ІІМ мүшелері Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіретін Еуразиялық экономикалық одақ ішінде автокөліктер еркін қозғала алады деген болатын.