Оралда Олимпиада чемпионын тәрбиелеген жаттықтырушы жұмыссыз

Алексей Ларионов Екатерина Ларионованы тәрбиелеп өсірген әйелдер күресінен жаттықтырушы. Катя, әлемнің басты жарыстарында төрт жыл бұрын 5-21 тамыз аралығында Бразилия қаласында өткен 31-ші Олимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Осы жылдың бірінші қаңтарында оның тәлімгері бапкерлік қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Катяны теміржол вокзалында Олимпиададан кейін қарсы алу

Алексей Ларионов спортта 35 жылдан бері. Өткен жылы оның қарауында үш спортшы жаттыққан. Олимпиада чемпионы Екатерина Ларионова және тағы екі қыз.

Қазіргі уақытта Катя Астанадағы жиындарда. Алдағы Токиода өтетін олимпиадаға дайындалуда. Өткен жылдың аяғында маған облыстық балалар спорт мектебінің директоры Қазболат Құрмашев «Сенің спортшыларың қайда, неге сенде тек үшеу?» деп сұрақ қойды,- дейді Алексей Ларионов.

Алексей Ларионов түсіндіргендей, —  Жыл соңында жаттықтырушылар өз спортшыларының саны туралы тізім беруі тиіс. Олар бес немесе одан да көп болуы керек.

Әйелдер күресі, спорттың қиын түрі. Кез келген қыз келіп, осы спорт түрінде қалмайды. Тек шын мықтылар ғана кетпейді. Сол кезде менде үш қыз болды, ал Қазақстан құрамасы бойынша кем дегенде бесеу болуы тиіс. Мен «бұл мүмкін емес» деп айтқан кезде Қазболат Құрмашев  «Катя сияқты бес спортшы қажет» деп жауап берді. Басқа жаттықтырушыларға осындай талаптар қойылмайды, — дейді Алексей Ларионов.

Осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап Алексей Ларионов жұмыстан босатылды.

— Мен бұл кемсітушілікке жол бергім келмейді, өйткені бұл бір рет болған жоқ. Міне, енді мен «Өз қалауы бойынша, жұмыстан босатылды», деген желеумен, жұмыссызбын. Дәл осындай жазба маған кадрлар бөлімінде еңбек кітапшасына енгізілді, — деді Алексей Ларионов.

Алексей Ларионовтың орнында қазір басқа жаттықтырушы жұмыс істейді.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-20
Утром-11.55 ℃
Днем-9.77 ℃
Вечером-9.14 ℃
Ночью-9.11 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.3 м/с
2026-01-21
Утром-13.17 ℃
Днем-9.8 ℃
Вечером-13.59 ℃
Ночью-16.77 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра1.89 м/с