Қымбат, биік, қоршаулар — Орал біртіндеп қоршаулар қаласына айналып барады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Орал қаласы «кедергісіз қала» аймақтық жобасын іске асыруда алғашқылардың бірі болып табылады. Бағдарлама жазда іске қосылды. БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің пікірінше, кедергілерден арылғанда жаяу жүргіншілердің демалыс аймағы кеңейтілуі тиіс. Ал қоршауды алу қаланың сыртқы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске қосу барысында биіктігі 80 сантиметр тротуарлар бойындағы сары-қара қоршаулар алынып тасталды. Алайда, қаланың тұрғын үй және әкімшілік ғимараттары жобаны іске асыруда белгіленбей қалды.

Облыс әкімдігі біздің қаламыздың әрбір тұрғынына ашық, бірақ артынан тек бір мақсат үшін ғана пайдаланылатын жердің үлкен бөлігі қоршалған – мұнда облыс әкімінің және оның орынбасарларының қызметтік көліктері бар.
Қала әкімдігі де көршісінен үлгі алып, артқы ауланы бөгде көзден оқшаулауды шешті. Енді дуалдың артынан біз қызметкерлердің жеке көлік тұрағын бақылай аламыз,ал тұрғындар үшін театр ғимараты мен Островский театры арасында өту қиынға соғады.
Бұл қоршау Оралдың әрбір тұрғынына таныс. Бұл жерде тротуар күрт тарылып, ішкі істер департаменті басталады. Қоршаудың артында қалалық аумақ қалды, ол жақсы сквер болуы мүмкін, бірақ бөгде адамның кіруіне тыйым салынған.
Ағаштар мен фонтанның жанында адам бойының биіктігінен асатын темір қоршаумен өзін қоршаған ғимарат теңеседі. Бұл ғимаратта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті орналасқан. Сондай-ақ, прокуратура сияқты, комитетшілер де тротуардың бір бөлігін қалалықтардан алып алды.
Оралдағы әскери бөлім де жер аумағының үлкен бөлігін алып, оны дуалмен қоршап тастады.
Облыс прокуратурасы осындай дуалмен қоршалған, шабуылға дайындалғандай. Құны бізге белгісіз, бірақ тайға таңба басқандай, бұл заң сақшылары да, жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігін «жекешелендіріп» алып алған. Енді облыс прокуратурасы ғимаратының алдында жаяу жүргіншілерге жол жүру бөлігіне шығуға тура келеді.
Мұнда біз 2009 жылға дейін қоршаусыз 1891-1907 жылдары салынған,Мәсіх Құтқарушы храмын байқаймыз.
Ең қымбат дуалды біз Оралдың тарихи орталығынан анықтадық. Бұл қоршау қалалық епархия аумағын қоршайды. Шамасы, христиан қарапайымдылығының мағынасын түсінеді.

Қала орталығындағы шағын сквердің орнында салынған ғимараттардың айналасындағы қоршауларды бөлек атап өткен жөн.

Қала орталығында Біз Bank Centercredit иелігіндегі банктің қоршалған ғимаратын бақылай аламыз. Оның салдарынан ағаштар азайып, ал адамдар айналып өтуге тура келеді.
Көріп отырғанымыздай, Kaztransgas аумағы ұзын қоршаумен қоршалған. Бұл тұрғындардың қозғалуына кедергі келтіреді және басқа нысан орналасуы мүмкін үлкен аумақты алып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром8.2 ℃
Днем18.81 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью13.67 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.88 м/с
2024-09-19
Утром8.64 ℃
Днем20.06 ℃
Вечером19.55 ℃
Ночью14.08 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.37 м/с