БҚО полициясы тәртіп бұзған полицейлерді ұстаған блогерді сотқа берді
Оралда сот полиция Департаментінің БҚО блогері Айболат Бөкеновке азаматтық талабын қарауға кірісті. Полиция блогерден ол жариялаған фактілерді жарамсыз деп тануды талап етеді, бірақ теріске шығаруды ресми БАҚ арқылы алғысы келеді. Сондай — ақ, полицейлер сотта абырой мен қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін қорғағысы келетіндігін анықтай алмайды.

Айболат Бөкеновті 2019 жылы 11 желтоқсанда, полиция қызметкерлерінің 92 тәртіп бұзу фактісін анықтап, полицияға хабарлағаны туралы көрсетілген телесюжеті соттағы талап-арызға себеп болды. Содан кейін БҚО полиция Департаментінің басшысы Махсудхан Әбләзимов азаматтарға «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді Енді полиция өзінің талап арызында, тәртіп сақшыларының мұндай құқық бұзушылық саны болмаған деп сотты сендірмек.
Талап арызында полиция департаменті соттан ар-намысты, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғауды сұрайды.
«2018 жылы Бөкеновтен бір жазбаша өтініш және 2019 жылы оларға полиция департаментінің басшылығына ауызша өтініш келіп түсті. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің заң бұзушылықтарға жол бергені туралы Бөкеновтің үш бейне хабарламасы анықталды. Осылайша, оның полиция қызметкерлерінің 92 заң бұзу фактілері анықталғаны жайлы, сондай-ақ полиция департаментінің бастығы М. Н. Әбләзимовтің шара қолданбады деген мәліметі шындыққа жанаспайды».
Өзінің арызында,БҚО полиция департаменті соттан блогердің мәліметтерің жарамсыз деп танып және оның шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерін ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (стилистика түпнұсқасы сақталған — ред.ескерт). теріске шығаруға міндеттеуді» сұрайды.
Сотта Айболат Бөкенов талапты толық көлемде мойындамады. Сот талқылауына дайындалу және талап арызға өз пікірін дайындау үшін оған уақыт беруді сұрады. Сондай — ақ, сотта анықталғандай, полиция департаменті сотқа орыс тілінде арызданған, ал Айболат Бөкенов бұл тілді нашар меңгерген, қазақ тілінде сөйлесуді қалайтынын (қазақ тілінде ол сондай-ақ әлеуметтік желілерде өз блогтарын жүргізеді-ред.ескерт.) айтты.
Тараптардың келесі кездесуі 12 ақпанда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, полиция департаментінің бастығы генерал Әблазимов пен блогер Айболат Бөкенов арасындағы жанжал 2019 жылдың 20 қарашасында полиция шефі блогерден жас қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасын түсірген смартфонды тартып алғаннан басталды.







