«Бірінші қадам»: АвтоХҚКО уақытша есепке бірінші автокөлік қойылды
БҚО-да шетелдік нөмірлері бар көліктің бірінші иесі өз көлігін тіркеді. «Толық бақытқа жету» үшін оған бір жыл ішінде миллион теңге төлеу ғана қалды.
– Мен Оралдан машина сатып алдым, ол 2019 жылғы шетелдік нөмірмен. Оны аяғына дейін қайта рәсімдеп, қазақстандық нөмір қою үшін миллион теңге төлеу керек, – деді БҚО Зеленов ауданының тұрғыны Әнуар Шаймарданов.
Тұрғынның айтуынша, оның Lada Vesta автокөлігі Еуро-5 нормаларына сәйкес келеді.
ЕАЭС елдерінен автокөлікті уақытша тіркеу бойынша сұрақтар туындаса, БҚО полиция Департаментінде, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін «жедел желі» 98-43-21 немесе 98-42-41 телефондары жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 31 қаңтарда Қазақстанның барлық қалалары бойынша қалалық әкімдікке жаппай жиналған автокөлік иелерінің митингі өтті . БҚО жүргізушілері әкелінген автокөліктерді есепке қою жойылсын, ІІМ және Қаржы министрі, сондай-ақ, мұндай жағдайға жол берген басқа да шенеуіктер жұмыстан кетсін деген талаппен петицияға қол қойды.
Нана Иксанова