БҚО-да төбелес кезінде мектеп оқушысының қабырғасын сындырған, кейін оның өзін интернет-дүкенде сатпақ болған
2019 жылдың қыркүйек айында Круглоозерный ауылының екі оқушы керісіп қалып,кейін мектеп аумағына шығып, бір-бірімен төбелескен. Төбелес кезінде 17 жасар жеткіншек 16 жасар оқушының 3 қабырғасын сындырады. Төбелестен кейін белгісіз біреу зардап шегушіні интернет-дүкендегі хабарландыру арқылы «сатуға» қойған.

Оқиға туралы Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев баяндады.
— Осы фактілер бойынша 107 (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) және 274 (көрінеу жалған ақпарат тарату) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін зардап шеккен оқушының анасы, оның баласын ОЛХ арқылы 100 мыңға теңгеге сатуға қойғаны полицияға арызданған. Қазір біз оған қатысы бар адамдарды анықтаудамыз, – деді ол.
Зашаған полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғановтың айтуынша, ұрып-соғу туралы арыздан кейін бірден сараптама тағайындалып, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларымен әңгіме жүргізілді. Ол сондай-ақ, полиция қазір интернет-дүкен сайтына мектеп оқушысын сату туралы хабарландыру қойған әзілкешті белсенді іздеу жүріп жатқанын айтты. Мұндай «әзіл» үшін ол 2 жыл түрмеге отыруы мүмкін.
— Оқушылар, мектеп сияқты, жақсы жағынан сипатталады – мектеп оқушыларының отбасылары толық, бұған дейін осындай қылмыс байқалмады, – деп қосты Жантемір Иманалиев.
Алексей Воробьев