Қордай ауданында тәртіпсіздік салдарынан сегіз адам қаза тапты
Бірнеше ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Vласть.

Жамбыл облысы Қордай ауданының бірқатар елді мекендерінде тәртіпсіздік салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлады сенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Оның ақпаратына қарағанда, 7 ақпан күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масаншы ауылының шетіне 70-ке жуық агрессивті тұрғандар жиналып, төбелес басталды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қордай АІІБ-нің қызметкерлері келіп жетті, ал «арандатушылар мен қақтығысты куәгерлер видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы олар азаматтарды заңға қарсы әрекеттерге шақырды».
«Бұл қақтығыстың ушығуына және топтық төбелеске қатысушылар санының артуына алып келді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келген. Жаппай тәртіпсіздік барысында ондаған қатысушы дене жарақатын алып, оқ атқан, 8 адам алған жарақатынан, өкінішке орай қайтыс болды», — деді ІІМ басшысы.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері де түрлі жарақат алды.
Министр Масаншы ауылына қосымша полиция күштері жіберілгенін, бірақ төбелеске қатысушылар оларға белсенді қарсылық көрсеткенін атап өтті.
«Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруын қолданды. Кейінірек да дау-дамайлармен Аухатты және Бұлан Батыр ауылдары қамтылды. Елді мекендердің периметрі бойынша және оларға кіретін жолдар бойынша автожолдарда блок-бекеттер қойылды», — деді Тұрғымбаев.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өртпен ұштасқан бұзақылықтың салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны, 23 автокөлік зақымданды. Бірақ қазіргі уақытта оқиға орнында тексеру жүргізілуде. Жедел-тергеу тобы құрылды,оқиға орнына менің орынбасарым және бірінші орынбасары барды. Жанжал оқшауланып, 47 адам ұсталды, олардан екі аңшы мылтығы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 272 (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу) және 99 (кісі өлтіру) баптары бойынша жүргізілуде», — деп мәлімдеді министр.
Ол «барлық кінәлілер жауапқа тартылатынына» сендірді, ал елді мекенде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция мен Ұлттық Ұлан қызметкерлері патрульдейді. Елді мекендердің периметрі бойынша блокбекеттер қойылған.
«Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды», — деді Тұрғымбаев.
