Бүгін Орал қаласы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді. Әкім барлық сұрақтарға жауап беруге уәде берді
Қорытынды кездесу 12 ақпан күні сағат 16.00-де «Жастар» МҮ («Экспресс» аялд.) өтеді.

Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Абат Шыныбеков қала тұрғындарын кездесуге қатысуға шақырады, ол келгендердің бәрінің кіретінін және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беретінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласының әкімі халықпен 13 кездесу өткізді, бірақ әлеуметтік желілерде адамдардың еріксіз-мәжбүрлі түрде жиналғанын дәлелдейтін скриншоттар пайда болды.
Нана Иксанова
