Оралда көзі көрмейтін мүгедектер Жұмыспен қамту бөлімінің басшысының көзін байлады
Мұндай акцияны олар қала әкімі және жұмыспен қамту бөлімі басшысымен кездесу барысында ұсынды. Жиналғандар оларға еріп жүрушілерге бірнеше ай бойы жалақы төленбейтінін айтты.

— Біз «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ерлан Ғалиевке көзін байлауды ұсындық. Ерлан Ғалиевтің, көзіңіз көрмеген кезде, еріп жүруші адамсыз бір қадам жасау мүмкін емес екенін түсінуі үшін, — дейді бірінші топтағы көру бойынша мүгедек Ерғали Боранбай.
Себебі, көз мүгедектері көмекшісіз қалулары мүмкін. Үш ай бойы олардың көмекшілері жалақы алмайды. Көптеген адамдар тіпті жұмыстан кетуді ойлауда. Көзі көрмейтіндер енді қолдаусыз қалудан қорқады: олар өз мәселелерін өз бетінше шеше алмайды.
— Біз бірнеше айдан бері қалалық жұмыспен қамту бөлімінің табалдырығын тоздырдық. Шамамен 700 адамның көз көруі бойынша ғана емес, сонымен қатар басқа да аурулармен ауыратын мүгедектердің — жеке көмекшілері жалақы алмайды. Барлық көмекшілер көру мүшелері зақымданған мүгедектердің қоғамдық бірлестігі «Орал» корпоративтік қорында қызмет етеді. Былтырғы қазан мен желтоқсан айына төледі, бірақ қараша айына жоқ. Биыл да қаңтар мен ақпан айына ештеңе төленген жоқ. Жақында ғана көмекшілерге қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өтті, — дейді Ерғали Боранбай.
Ерғали Боранбайдың айтуынша, барлық мүгедектер Жұмыспен қамту бөліміне ұжымдық өтініш білдірген. Олар өз үндеуінде: олардың жеке көмекшілердің келісім-шарты мемлекеттік сатып алу рәсімісіз қызмет көрсету орталығымен тікелей жасалса екен, деп сұрайды.
— Осыдан үш жыл бұрын тәртіп болды, бәрі өз жалақысын уақытында алып, ешкімнің де наразылығы болмады. Ал көмекшілеріне қызмет көрсеткені үшін «Орал» қоры ақы төлей бастағаннан, тәртіпсіздік басталды, — деп хабарлады Ерғали Боранбай.
Мария Драчева
