Оралда мас жүргізуші жасаған жол-көлік оқиғасынан екі әйел зардап шекті
Басқа автокөлікке соғылған үш мас адам өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Полиция департаментінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Оқиға өткен түнде сағат 3:00 шамасында Динамо көпірінде болған. Ішімдік ішкен үш жігіт көліктерімен басқа көліктің артына соғылған. Нәтижесінде зардап шеккен автокөліктен артқы орындықта отырған екі әйел ауруханаға жатқызылды.
Апат туралы куәгерлердің бірі Дидар айтып берді.
— Жігіттер автокөлікке соғылып, жасырынуға тырысты. Мас адамдардың бірі полиция қызметкерімін деп айқайлады. Екінші машинада артқы орындықта отырған екі әйел қысыл қалды, оларды жедел жәрдеммен алып кетті, әйтеуір Құдайға шүкір, бәрі тірі, — деді ер адам.
Куәгерлердің айтуынша, мас жүргізуші ЖКО орнынан қашып кетпек болған. (Ескертеміз, бейнеде балағат лексика бар.)
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мас жігіттердің бірінің полиция қызметіне қатысы бар екенін растамады:
— Жастар Есқалиев пен Пугачев көшелерінің қиылысында ұсталды. Ешкімде полиция қызметкері болмай шықты. Барлығы орташа ауырлықтағы ішімдік ішкен. Жүргізуші жаңа заңға сәйкес 20 тәулік қамауға алынады, әрі қарай сот арқылы жүргізуші құқығынан айырылады, — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Алексей Воробьев
