«Бізге күніне үш рет жарты стакан қайнаған су береді». БҚО-да емделушіден ауруханада түсірген бейнені алып тастауын сұрады

Тесілген төбе, суық дәретхана және күніне бір жарым стакан қайнаған су. БҚО-дағы аудандық аурухананың емделушісі медициналық мекеменің төмен жағдайы көрсетілген бейнені желіде жариялады. Аурухана басшылығы мұндай жағдайдың емделушілердің өз өтініштері бойынша, жасалғанына сендіреді… ал қалғанына ақша жоқ. Бірақ, аурухананың бас дәрігеріне 8,3 млн теңгеге қызметтік жол талғамайтын көлік сатып алынған.

Бейнеден тесілген және тамшы ағатын төбенің скриншоты

Бейнеролик 13 ақпанда YouTube арнасында жарияланды. Бейне авторы-32 жасар Мария Борисенко осыдан бір апта бұрын БҚО Бәйтерек ауданының Дарян кентіндегі №2 аудандық ауруханасына жатқызылды. Мария Борисенко жылына екі рет омыртқа ауруына байланысты оңалтудан өтеді. Биылғы жылын ол Дарян ауруханасында өтті.

Бейнероликтен емделушілер жатқан кезде, аурухана палаталарында жөндеу жұмыстары жүргізілмегені көрініп тұр, шатырдан тамшы ағып, қабырға бұрыштарындағы жарықтар көгеріп жатыр. Әжетхана бөлмесінде жыл мезгіліне қарамастан терезе үнемі ашық. Унитазда отыратын жиегі жоқ,сондықтан да, Мария Борисенконың айтуы бойынша емделушілерге, «бұл бөлмеге барғанда өте ыңғайсыз». Биде де жоқ, оның орнына бос пластикалық литрлік бөтелкелер бар. Жуынатын бөлме бар болса да, емделушілерге қолдануға болмайды. Бейнеден, ванна бөлмесінде бір шелектің тұрғаны тұр, бірақ ол басқа мақсаттар үшін пайдаланылады.

Бейнені жариялағаннан кейін аудандық аурухананың әкімшілігі салынған бейнеге түсініктеме берді.

«ШЖҚ «Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы» МКК әкімшілігі емделуші М. Борисенконың салған бейнеролигіне жауап береді: бірінші кезекте емделуші орналасқан палатада ауа-райы жағдайларына байланысты (2-3 күн ішінде қармен жаңбыр жауып, қатты жел соқты) шатырдың төбесіне су кетіп, температураның күрт төмендеуі салдарынан мұз боп қатты, сондықтан жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар, палатадағы емделушілер көшіру мүмкіндігінсіз жатыр, бұл да себеп болды. Дәретхана бөлмесінде ауруханада ем алатын емделушілердің өтініші мен қалауы бойынша унитазда жиектер болмады. Стационарда жуынатын бөлме бар, онда емделушілер белгіленген тәртіп бойынша барлық гигиеналық процедураларды жүргізе алады. Ауруханада электр шәйнек бар, бейне жазуда болмаған себебі, кішкентай балалары бар жас аналар қауіпсіздік мақсатында алып тастауды сұрады деп, хабарлады. Аурухана әкімшілігі барлық тілектерді ескере отырып, күн сайын өз емделушілері үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды. Ал жоғары білікті аурухана қызметкерлері әрдайым көмекке әзір.»

Мария Борисенкоға аурухана әкімшілігінен қоңырау шалып, бейнені алып тастауды сұраған.

«Мұның бәрі бесінші нүктесін жасыру үшін. Олар менімен сөйлесіп, бейнені алып тастауды сұрады. Айналар туралы олар жазуды ұмытып кетіпті, олар еш жерде жоқ, себебі ауру адамдардың өздерінен-өздері қорықпауы үшін деп айтты. Сізге бұл сылтаулар күлкілі емес пе!?».

Мария Борисенко ауруханада қалыпты жөндеу жасай алмайтындарына наразы.

– Мемлекет жөндеуге ақша бөле алмайды ма? Мен осы ауруханада 17 жыл бұрын болдым, қазір мен — 32 жастамын, осы уақыт ішінде ештеңе өзгерген жоқ, – деді Мария Борисенко.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Facebook-тегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының мүшесі Артур Нигметов медициналық мекеменің директоры үшін 8 млн 390 мың теңгеге жаңа кроссовер сатып алынғанын хабарлады.

Facebook-те Артур Нигметовтың жеке парақшасынан алынған фото

«Зеленов аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылады, ақылы қызметтер есебінен автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар, аурухана директоры «Қазақтелеком» АҚ филиалы ғимаратынан ауруханаға оптикалық-талшықты желіні өткізу үшін 5 млн.теңге көлемінде қосымша қаражат қажет екендігіне шағымданады. Сұрақ туындайды: қымбат кроссоверді сатып алудың қажеттілігі болды ма, мысалы, интернет желісі сияқты маңызды шешілмеген мәселелер тұрғанда? – деп жазды Артур Нигметов».

Редакцияға бейнені жолдаған Мария Борисенконың туыстары облыс әкімі Ғали Есқалиевтен жариялымды ресми өтініш ретінде қарастыруын сұрайды.

«15 ақпанда Ғали Есқалиев облыс тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізеді. Біз оның осы кездесуде толық жауап беруін сұраймыз: денсаулық сақтау жүйесінде бас дәрігерге қымбат машина сатып алуға ақша бар да, науқас адамдар үшін қарапайым шәйнек пен унитаз жиегін сатып алу үшін ақша жоқ па?»,- деп жазады өтініш авторы.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром8.2 ℃
Днем18.81 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью13.67 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.88 м/с
2024-09-19
Утром8.64 ℃
Днем20.06 ℃
Вечером19.55 ℃
Ночью14.08 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.37 м/с