Экология департаменті Кирсанов қорығында мұнай кен орнын игеруге рұқсат берді
Батыс Қазақстан облысының экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов «Урал Ойл энд Газ» ЖШС компаниясына Кирсанов қорығындағы мұнай кен орнын игеруге департаменттен рұқсат берілгенін растады.
Бұл туралы «ОА» журналистіне 2019 жылы БҚО экология департаменті жұмысының қорытындысына арналған брифингтен кейін Ербол Қуанов мәлімдеді.
– Иә, мұнай кен орнын игеру жоспарланған болатын,бірақ жұмыстар әлі жалғасуда. Біз жұмыстарды жүргізуге рұқсат бердік,бірақ олар дәл осы жылы өткізілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, Кирсанов қорығында мұнай іздеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде белгілі болды. Сол кезде қорықтың аумағына арнайы техниканың өтуі үшін көпір өткізілді. Мамыр айында Кирсанов кентінде қоғамдық тыңдаулар өтті, нәтижесінде жергілікті тұрғындар мемлекеттік тапсырыста геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім берді. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасында мемлекеттік тапсырыс аумағында геологиялық барлау жұмыстары барысында тереңдігі 12 метр болатын бірнеше ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда.
Кейін мұнай өндіруші компания қорықта газды қалай іздейтіндерін айтты. «Урал Ойл энд Газ» компаниясы Кирсанов қорықшасының аумағында жарылыс жұмыстарын жүргізуден бас тартты. Компания басшылығы геологиялық барлау жұмыстары газ өндіру үшін жүргізілмейтініне сендірді.
Кирсан қорығы-ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ол 1973 жылы құрылған, қазір оның аумағында қасқыр, елік және басқа да көптеген жануарлар мен өсімдіктер мекендейді.
Сондай-ақ осы тақырып бойынша:
Алексей Воробьев