Айыптаушы 10 жасар қызды қағып мерт қылған жүргізушіге 3,5 жыл беруді сұрады

Бүгін, 14 ақпан күні Оралда өткен жылдың қараша айында 10 жасар Айару Ермек қаза тапқан 33 жасар Валерий Петруниннің ісі бойынша сот жарыссөзі өтті. Сотталушы өз кінәсін шынайы мойындап,түрмеге отырғызбауын сұрады. Қайтыс болған қыздың әкесі өз кезегінде жүргізушіні кешірді.

Қаза тапқан қызды қағып кеткен жүргізуші Валерий Петрунин, сот залында.

Процесті судья Мағира Китарова басқарды. Бірінші сөз мемлекеттік прокурор Қуаныш Қобландиевке берілді:

20 қараша күні кешке болған жол-көлік оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Валерий Петрунин 345 б. 3 бөлімі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу ) және 347 бабы бойынша (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) айып тағылды. Қайтыс болған Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиев, айыпталушыға наразылығы жоқ және оны кешірді. Оған 345 — баптың 3-бөлігі бойынша 2 жыл және 6 ай көлемінде 5 жылға жүргізу құқығынан айырып, және 347-бап бойынша бір жылға құқықтан айырып, бір жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, – деп мәлімдеді прокурор.

Прокурор Қуаныш Қобландиев айыптауды оқуда.

Асылхан Қазиев, қайтыс болған қыздың әкесі, прокурордың түсініктеріне ештеңе қоспайтынын айтты.

Валерий Петруниннің өзі сот алдында және қайтыс болған қыздың әкесіне өкініп, оны түрмеге отырғызбауды сұрады:

– Жәбірленушілердің кешірім сұраймын, Мен болған оқиғаға өкінемін және кінәмді мойындаймын. Мен жәбірленушілердің отбасына мүмкіндігінше көмектесемін, тек мені түрмеге отырғызбаңыз. Менің жұмыссыз әйелім мен екі балам қалды, отбасымды асырауым керек. Мен Айару Ермек үшін зират саламын және зардап шеккендердің отбасына қолдау көрсетемін, — деді Валерий жыламсырап.

Қорғаушы Жомарт Ерназаров ЖКО кезінде көшеде жарық пен жылдамдық бәсеңдеткіштің болмауына және сотталушының кінәсін толық мойындауына және өкінуіне байланысты оның еркіндігін шектемеуді сұрады.

Үкім жарияланатын келесі сот процесі дүйсенбі күні, 17-ші ақпанда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада Оралда 10 жасар Айару Ермек өмірін қиған жол-көлік оқиғасын орын алды. Қыз жаяу жүргіншілер жолынан жарық шағылыстыратын лентамен өтіп бара жатқанда, оны қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Кейін полиция қызметкерлері 33 жасар Валерий Петрунинді құрықтады, ол ЖКО орнынан қашып кеткенін мойындады. Кейін қайтыс болған қыздың әкесі мәйітханада оның қызын шатыстырып, қайтыс болған Айару Ермекті Сайқын ауылына жібергенін мәлімдеді.

Осы тақырып бойынша оқыңыз:

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром8.2 ℃
Днем18.81 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью13.7 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.88 м/с
2024-09-19
Утром8.64 ℃
Днем20.06 ℃
Вечером19.55 ℃
Ночью14.08 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.37 м/с