БҚО-да бұзылған бөгетті жобалаушылар мемлекетке ақша қайтарады. Билік жоспарында-жаңа құрылыс салу
2018 жылдың көктемінде Переметный кентінде еріген судың салдарынан бөгет қирады. Оны 2017 жылдың қараша айында 70 миллион теңгеге салды. Биліктің айтуынша, бұл жобаның қателігінен, қалпына келтірудің мағынасы жоқ – көктемгі су тасқынын көтере алмайды. Тұрғындар кенттегі бөгет құлап кеткеннен бастап судың жетіспеуі бар және өзенде балық жоқ дейді.
— Бастапқыдан-ақ шыдамайтыны белгілі еді. Құрылысқа алғашқы бөгеттерді салған біздің ауыл ақсақалдары келіп осы туралы айтты. Өйткені құрылысшылар бетон блоктарын топырақ деңгейінен сәл төмен түсіріп,содан кейін топырақпен көміп, жоғарғы жағын қалады. Яғни, плитаның астында ешқандай цемент құйылмаған. Басқармада мұны қалай қабылдағаны түсініксіз. 2018 жылы бәрі қайтадан жасалатынын айтты, бірақ содан бері ешқандай қозғалыстар жоқ. Бөгет аласа болғандықтан-су жоғарыдан шығып, бір жаға шөгіп, бәрі құлап кетті. Енді бөгет жоқ болғандықтан, балық та, су да, кетуде. Әрине, суды ұстап тұруға тырысады, бірақ Деркөл тайыз, сондықтан егер билік жұмысты ұйымдастырып үлгермесе-содан кейін сусыз қаламыз. Ал негізгі дамбаның да өзгергенін көруге болады. Іргетасы отырғандықтан, плита жіктерінің арасы жарыла бастады, — дейді кент тұрғыны Павел Широков.
БҚО құрылыс басқармасында жобалаушылар айыпталып, енді олар мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге тиіс екенін айтты.
– Бөгет жобасы 2016 жылы әзірленіп, 2018 жылы бөгет салынды. 4 құрылым болды — екі уақытша, екі негізгі: бір негізгі бөгет және бір құятын бөгет. Құятын бөгетті шайып кеткен. Сол себепті сот-құрылыс сараптамасы жүргізілді, ол жобалау кезінде қателіктер жіберілгенін анықтады.Егер шатыспасам, сот сарапшылары келтірілген шығынды 35 000 000 теңге деп бағалады. Сот шешіміне сәйкес жобалаушы, техникалық қадағалау және мердігер бұл соманы 8 ай ішінде бюджетке төлеуге міндеттеді. Енді бұл бөгетті сол жерге жаңадан салуға болмайды, су жағасын шайып кететіндей қауіп бар. Енді аудан әкімдігі тендер бойынша іріктейтін жобалау институтымен бірлесіп барлау жүргізіп, бөгет үшін ең жақсы орын қарастыруда. Биыл, әрине, құрылыс әлі басталған жоқ. Биылғы жылы бізге жобаны дайындау керек еді, ал келесі жылы құрылысты бастаймыз, — деді БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.
Бәйтерек ауданының әкімдігі мәселемен айналысуда, бірақ плотиналар мен бөгеттерсіз мүмкін емес.
– Әр көктем сайын суды ұстап тұрамыз, бірақ тұрғындар дамба әдемі болғанын айтады, біршама ақша жұмсалды, оны қайта жасау керек, деп. Бұл туралы облыс әкімінің соңғы есебінде мәселе қойылды. Жоба бізге жаңа тапсырма берді, енді біз не істеу керектігін ойлаймыз: мүмкін шлюздер, әлде басқаша болуы мүмкін. Осы жобаның негізінде бізге ақша құрылысқа бөлінуін сұрайтын боламыз. Осы екі жыл бойы су мәселесі болған жоқ, біз суды өткізіп, сақтап тұрдық, — деді әкімнің орынбасары Мұрат Залмұқанов.
Анықтама
2016 жылы құю бөгетінің құрылысы бойынша Тапсырыс беруші «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі болды.
Бас жобалаушы «КОНСОРЦИУМ-СтройПроект»ЖШС болды.
2017 жылы құрылысты «Уральскстройинвест»ЖШС орындады.
Жұмыс жобасы «БҚО Зеленов ауданы Переметный ауылындағы Деркөл өзеніндегі гидротехникалық құятын имараттардың құрылысы» деген ұзақ атауға ие болды.
Жобаның тапсырыс берушісі «БҚО Зеленов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ болды.
Нана Иксанова