Оралда ер адам кіреберісте мектеп оқушысына шабуыл жасады. Ол ұсталды.
Оралда ер адам мектеп оқушысының артынан еріп, ол өз үйінің кіреберісіне кіре бергенде, бас салған. Күдіктіні баланың айқайына шыққан тұрғындар құрықтады.
Балаға шабуыл жасау әрекеті оқиға болған үйдің кіреберісінде орнатылған бақылау камерасына түсті. Бейнеде қолында пакеті бар ер адам мектеп оқушысының артынан жүріп, үйдің кіреберісіне бірге кіргенін көруге болады. Бұл бейне «Орал шағымы» инстаграмм-аккаунтында жарияланды. Жариялымның авторы ер адам кіреберіске кіргеннен кейін бірден қызға шабуыл жасағанын хабарлайды. Алайда, қыз баланы бірден айқайына шыққан көршілер құтқарған. Бұл 13 ақпан күні сағат 14:20-да Жеңіс шағын ауданындағы №27 үйдің кіреберісінде орын алды.
БҚО полиция департаментінде шабуыл жасау оқиғасы туралы ақпаратты растады. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібековтың айтуынша, ер адам қызға тиіскісі келген. Ол шақыру бойынша келген полиция қызметкерлерімен ұсталып уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.