15 жасар қыз Оралдағы жеке үйге мас күйінде және есірткінің әсерінен көлікпен кіріп кеткен

Орал қаласының 15 жасар оқушысы ішімдік ішкен мас күйінде жеке үйге көлікпен кіріп, үй қабырғасын құлатқан.Кейін қыздың қанынан есірткі әсері бар дәрілік зат — метадон қалдықтары табылды.

15 жасар қыз келіп түйіскен үйдің қабырғасы.

Апат 6-шы қаңтарда кешкісін орын алды. Сол кезде мектеп оқушысы Volkswagen Golf VI маркалы автокөлікті басқара отырып, Кусаинова 1 мекен-жайы бойынша Лидия Фалинаның үйіне кіріп, қабырғаға соғылды. Оқиға туралы қазір таныстарының үйінде тұрып жатқан зейнеткердің өзі айтып берді.

– Сол кеште біз күйеуімнің садақасына дайындалдып жаттық, кенеттен жарылыс болған сияқты, біздің үйге машина кіріп кетті. Полиция қызметкерлері келді, рульде отырған 15 қыз мас екен және оның қанынан есірткі тапты. Біздің үйіміз апатты деп танылды, енді біз онда тұра алмаймыз — өйткені ол құлап кетуі мүмкін, — деді әйел.

Қазір үйдің басты бөлмесі астан-кестен шыққан, соққыдан қираған заттар шашылып, тіпті шкаф төңкеріліп жатыр.

Ол сондай-ақ, көлік 30 жасар Ренат Арслановқа тиесілі екенін айтты. Лидияның айтуынша, ер адам оған қандай да бір залалды өтеуден бас тартады, ал осы іс бойынша сот процесі әлі күнге дейін өтпеген.

— Ол маған былай деді: «Сен, кемпір, менің ақшамды ала алмайсың, тіпті тырыспа», – деді зейнеткер.

Лидия Фалина қазір өз отбасымен таныстарының үйінде өмір сүруге мәжбүр, себебі үй апатты деп танылды және кез келген уақытта құлауы мүмкін.

Қазір Лидия, оның қызы және екі кәмелетке толмаған баласы үй апатты деп танылғандықтан таныстарда тұруға мәжбүр.

Сол күні жолаушы орындығында отырған көлік иесі Ренат Арсланов жол-көлік оқиғасының қалай болғанын айтып берді.

— Ол қызбен әлеуметтік желі арқылы таныстым, ол жасым 19-да деп айтты. Сол кеште біз онымен және оның 18 жасар құрбысымен көлікпен қала ішінде қыдырдық, содан кейін Атоян стадионының жанында тоқтадық, мен 10 минутқа шығып кеттім . Келгенімде қыз автокөлік рөлінде отырды, мен жолаушы орындығына жайғастым, машинаға абай бол дедім. Автокөлік істеп тұрды, ол газ педаліне бірден басып қалғанда — біз қабырғасына соғылдық. Оның қанынан есірткінің қалдықтары табылғанын және оның жасы 15-і болғанын соңынан білдім, – деп сендірді ер адам.

Айта кету керек, сол кеште қыздар жеңіл мас күйінде болған, бірақ Ренат қыздар өз әрекеттеріне жауап беретін жағдайда  болғандықтан, рөлге отыруға рұқсат бердім дейді

Қыздың жасы 15 жаста болғанын көлік иесі апаттан кейін ғана білді.

Мен рульге ешқашан мас болып отырған жоқпын. Ол газды басқан кезде мен жай әрекет етіп үлгермедім. Қазір менің жүргізуші куәлігімді алып қойды, алайда, қандай мерзімге екені соттан кейін белгілі болады. Көлігіммен жүрмеймін, оны қалпына келтіру керек. Мен Лидия Фалинаға ақшадан бас тартпадым — егер сот солай шешсе, оларды беремін, бірақ оның үйіне кіріп кеткен мен емеспін ғой, – деп қосты ер адам.

Ренат Арсланов жергілікті баспаханалардың біріне ие.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жеңіл алкогольдік мас күйінде болғанын және оның қанынан метадон қалдықтарын тапқанын растады:

— Иә, мұндай жағдай шынымен орын алды. 15 жасар қыз баланың қанынан есірткі табылды, қазір бұл іспен полиция айналысуда, – деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков.

Қазір Фалиндер үйіне келтірілген шығынның бағасы есептелуде, келесі сот процесінің күні әзірге белгісіз.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-10
Утром15 ℃
Днем27.43 ℃
Вечером27.26 ℃
Ночью24.26 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.44 м/с
2024-09-11
Утром19.17 ℃
Днем29.02 ℃
Вечером27.63 ℃
Ночью21.52 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.97 м/с