Демократиялық партия съезі қарсаңында Орал белсендісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алды. Тағы бір белсенді 5 тәулікке қамауға алынды.

Орал қаласының азаматтық белсендісі Исатай Өтепов бүгін таңертең Абай полиция бөліміне шақыру қағазымен шақыртылып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бұл туралы «ОА» Исатай Өтепов өзі хабарлады және өзінің жаңа құқықтық мәртебесіне байланысты ол 22 ақпан күні Алматыда өтуі тиіс Қазақстанның демократиялық партиясының съезіне қатыса алмайтынына назар аударды.

«Бүгін таңертең маған учаскелік полиция инспекторы мен тағы штаттық адам Абай полиция бөліміне шақыру қағазын алып келіп, сонда бардық. Полицияда маған, бір әйелден арыз келіп түскенін, менің жұбайымнан қарыз алып, соны беруге келгенде мен оны қорқытып-үркіткенім туралы-мыс. Бұл әйелдің аты да, тегі да маған таныс емес, менің өмірімде мұндай жағдай ешқашан болған емес, сонымен қатар арыз компьютерде басылған, онда ешқандай қол жоқ. Енді маған қатысты қылмыстық іс қозғалды, нақты қандай бап бойынша маған белгісіз, бірақ маған ешқайда кетпеу және тиісті мінез – құлық туралы қолхат беруге тура келді», – дейді Исатай Өтепов.

Бұдан басқа, Өтеповтың айтуынша, азаматтық белсенді Мақсат Айсаутов 17 ақпан күні таңертең әкімшілік соттың ұйғарымы бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Мақсат Айсаутов әкімшілік айыппұлдарды төлемегені үшін бостандықта шектелді. Оның жағдайы да мен менің жағдайым сияқты, біз демократиялық партияның съезіне бара алмау үшін полиция тарапынан арандатушылық деп санаймын. Бүгін маған Алматыға пойызға билет тапсыруға тура келді, себебі енді мен аймақтан кете алмаймын»,- дейді Өтепов.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Алматыда , «Саяси қалам.Трибуна» газетінің экс – редакторы Жанболат Мамайдың төрағалық етуімен тіркелмеген саяси бастама «Қазақстанның демократиялық партиясының» съезі —өтуі тиіс болатын. Айта кетейік, Жанболат Мамайдың өзі 2019 жылдың қараша айында Алматының пробация қызметінен аймақтан ешқайда кетпеуі туралы хабарлама алған.

Акмарал Федорова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-10
Утром19.43 ℃
Днем24.45 ℃
Вечером27.26 ℃
Ночью24.26 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.44 м/с
2024-09-11
Утром19.17 ℃
Днем29.02 ℃
Вечером27.63 ℃
Ночью21.52 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.97 м/с