Облыстық денсаулық сақтау басқармасы: «Аудандық ауруханада жол талғамайтын көліктер бас дәрігер үшін емес, дәрігерлер үшін сатып алынды»
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы аудандық аурухана мен бас дәрігердің қызметтік автокөлігінің жағдайы туралы жанжалды бейнеге түсініктеме берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханада барлық қолайсыздықтар емделушілердің өз өтініші бойынша жасалғанын, ал қымбат жол талғамайтын көлік дәрігерлер кенттерде науқастарға бару үшін сатып алынғанын айтады.
Мұндай мәліметтерді БҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Айзада Шүкірғалиева Дариян ауылындағы аурухана пациентінің түсірген бейнесіне түсініктеме берді.
– Бейне интернетте жарияланған соң, біз тексеру жүргіздік. Қазіргі уақытта әйел дәретханасында жиек орнатылған, дәретхана бөлмелерінде айналар ілінген, асханаға шәйнек қойылған, ал тамшы ағып жатқан төбелер жөнделген. Бірақ мен бұл қолайлы жағдайлар емделушілердің өз өтініші бойынша алынып тасталғанын атап өткім келеді. Атап айтқанда, асханадағы шәйнек балалардың тоққа ұшырауы мүмкін деп қауіптенген кмделушілердің өздері алып тастауды сұрады. Айналар, сондай-ақ өздерін ауру күйде көргісі келмейтін емделушілердің шағымдары бойынша алынды. Сондай — ақ, дәретханадағы жиекті үлкен жастағы емделушілердің өздері алып тастауды сұраған, – деді Айзада Шүкірғалиева.
Сондай-ақ, ол осы аурухананың ғимараты 2003 жылдан бері жөнделмегенін және биылғы жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимаратты жөндеу мүмкіндігін қарастыратынын айтты.
Аурухананың бас дәрігері 8,5 млн теңгеге қызметтік көлік сатып алғаны туралы ақпаратты түсіндіре келе, Айзада Шүкірғалиева бұл автокөлік аурухананың қаржысына сатып алынғанын, ақылы қызмет көрсетуден түскен табыс түрінде алынғанын түсіндірді.
— Бұл автокөлік тек бас дәрігер үшін ғана қызметтік автокөлік емес. Бұл автокөлік аурухана дәрігерлері үшін сатып алынды, оларға жолы нашар аудан ауылдарына бару үшін, — деді Айзада Шүкірғалиева.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының түсіндіруіне аурухананың емделушісінің бейне түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялағаны себеп болды. Әйел аудандық ауруханада асханада шәйнек жоқ, әйелдер дәретханасының унитазында жиек, ал оның палатасының төбесінен тамшы аққанына наразы болды. Төменде біз осы істі қарауға себеп болған бейнені қоса береміз.