Қытайдан келген жеті оралдықты короновирус індетіне байланысты дәрігерлердің бақылауына жіберді
Жұқтыру белгілері байқалмағанмен, келген азаматтар дәрігерлердің бақылауында 14 күн болады.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхаммед Арыспаев мәлім етті.
«Қытайдағы коровирус індетіне байланысты Департамент қызметкерлері облыс аумағына келген барлық жергілікті тұрғындар мен шетелдіктерге бақылау жүргізеді. Көші-қон қызметімен бірлесе отырып, біз сауалнама жүргіземіз және әр жолаушының денесін термометрия жасаймыз. Біздің облыс аумағына короновирус ену қаупі жоқ, өйткені біз Қытайдан алыс тұрамыз. Қытайдан сәлемдемелер мен тауарлар арқылы вирус еніп кете алмайды, негізгі тасымалдау жолы — ауа-тамшы және лас қолдар арқылы. Алайда, Қытайдан облыс аумағына келген әрбір адам 14 күн бойы санитарлық дәрігерлермен қадағаланады», — дейді Мұхаммед Арыспаев.
Бүгінгі күні Қазақстанда короновирусты жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.
Акмарал Федорова