БҚО билігі бір ғана әлеуетті инвестормен 14 млрд теңгенің индустриалды аймағын салмақшы
Инвесторларды тарту үшін индустриялық аймақты осы жылы облыс билігі «Орал» ӘКК-мен бірлесіп салады, аймақ Пойма кенті ауданында 281 гектар жерге орналасатын болады.
Бұл туралы «Орал»ӘКК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиев мәлім етті.
«Индустриялық аймақ-инвесторларды тарту алаңы. Бұл үлкен, жабдықталған аумақ ретінде көрінеді, онда өңдеуші және басқа, шикізаттық емес, өнеркәсіппен айналысатын түрлі компаниялар орналасатын болады. Ол Пойма кентіне жақын, әуежай мен май зауыты арасында салынады, оның аумағы 281 гектар», — дейді Артур Досқалиев.
«Орал» ӘКК өкілінің айтуынша, жалпы алғанда, бұл аймақ үшін тек инженерлік желілердің құрылысы 14 миллиард теңгеге жұмсалады. Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді, қалған қаражат облыс бюджетінен бөлінетін болады.
«Инженерлік желілердің құрылысы-газ, электр, сумен жабдықтау, кәріз, аумақты қоршау және шаруашылық үй-жайлар 14 миллиард теңге тұрады. Оның 3 миллиард теңгесі — жеткізуші желілер, ал қалғандары-аймақтың ішіндегі желілер. Мемлекеттің міндеті-инженерлік желілер салу, индустриалдық аймақтың жұмыс істеуі үшін қажетті барлық қалғандарын инвесторлардың өздері салатын болады. Қазір бізде көкөніс өсірумен және өңдеумен айналысатын қазақстандық BROEIKAS URALSK ЖШС фирмасымен меморандум бар», — дейді Артур Досқалиев.
Артур Досқалиевтің айтуынша, 2021 жылы индустриалды аймақ үшін барлық инженерлік коммуникациялар салынып бітеді. Корпорацияның ресми сайтында индустриялық аймақтың рентабельділігі 15%, ал оның өзін-өзі ақтауы 11 жыл екені айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, индустриялық аймақ құрылысы туралы әңгіме Батыс Қазақстан облысында Нұрлан Ноғаев әкім болып тұрған кезде, 2015 жылы басталған болатын. Сол кезде билік әр түрлі жерде индустриялық аймақ салуда тәжірибесі бар «AkgunGroup» түрік фирмасымен ниет шартын жасасты. Алайда, қазір индустриялық аймақты бірыңғай оператор құрмайды, оның орнына ол біртіндеп әр түрлі цехтармен толтырылатын болады.
Акмарал Федорова