Оралда тұрғын үй кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адамға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Орал полициясы «Бұзақылық» бабы бойынша осы жылдың 13 ақпанында мектеп оқушысына шабуылдап, ізін суытқан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«1967 жылы туылған ер адамды полиция ұстады, оның жеке басы анықталды, «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат алды», — дейді БҚО ІІД баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 13 ақпанында Жеңіс шағынауданындағы № 27 үйдің кіреберісінде ер адам оқушы қызға тиіскен. Балаға шабуыл жасау әрекеті бақылау камерасына түскен, қыздың айқайына көршілер шығып, құтқарып қалды.

ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» — яғни қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтарға күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не айрықша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекеттер жасаумен ұштасқан қоғамға анық құрметтемеушілік білдіру-екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қарастырылған.

Акмарал Федорова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-20
Утром14.74 ℃
Днем21.6 ℃
Вечером22.14 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра9.52 м/с
2025-06-21
Утром14.19 ℃
Днем15.67 ℃
Вечером19.93 ℃
Ночью15.63 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра9.83 м/с