Оралда болжамды митинг үшін ең ірі сауда орталығы күні бойына жабық болады

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде «City Center» басшылығына тиесілі телекомпания хабарлады. «2Gis» дерегі бойынша, бүгінгі таңда ғимаратты 373 ұйым жалға алады. Олардың арасында қаладағы ірі кинотеатр мен балалар ойын орталығы бар, олар үшін бір демалыс күні жабу үлкен шығын болмақ.

«Әлеуметтік желілерде 2020 жылдың 22 ақпанында «Сity Center» СОО аумағында ҚДК қозғалысының белсенділерінің рұқсат етілмеген митинг өткізу туралы шақыруы тарайды. «City Center» әкімшілігі өз тарапынан осындай акцияларды мүлдем қолдамайтынын мәлімдейді. Біздің кешеннің аумағы қалалықтардың демалысы мен бос уақытын өткізу үшін құрылған, қандай да бір күштер бізді өз мұқтаждықтарына пайдалануына қарсымыз. Біз құқық қорғау органдарына келушілердің қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету туралы өтініш жаздық. Осыған байланысты «City Center» 22 ақпан 2020 жыл 18.00-ге дейін жұмыс жасамайды. Осы жағдайға үсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарлама.

Егер қарапайым математиканы қолданса және әрбір сауда ұйымының бір күн ішіндегі орташа чегі 10 000 — 30 000 ал күндізгі қарапайым жалға алушылар үшін 4-12 миллион теңгеден жиынтық айырылады. Бұл ретте кинотеатр мен балаларға арналған демалыс орындарының тартар шыығындары да аз емес – демалыс күні ата-аналар балаларымен мультфильм көріп, немесе Funky Town ойын-сауық өткізеді.

Сауда орталығының әкімшілігі шығындар туралы түсініктеме беруден бас тартты. Бірнеше сатушылар жеке тәртіппен журналистерге айтарлықтай ақшаларын жоғалтатынын мәлімдеген және бұл күнді жалға алу құнынан шегереді деп үміттенуде.

Айта кетейік, сенбі күні 15 ақпанда «бейбіт жиналыстар ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін» ҚІІБ белсенді мүшесі Бауыржан Әліпқалиев, 10 тәулікке қамауға алынды. Бүгін таңартең 9-да белсенді Данияр Инжегалиев 5 тәулікке қамалды. Оралдағы ҚДТ партиясы қызмет еткен барлық уақыт ішінде бірде – бір ауқымды митинг өтпеді, тіпті олар жарияланса да, билік алдын ала жолын кесті. Оралда партияның жақтаушылары көп емес. Бұған дейін олар өз талаптарын жалғыз пикеттерде мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әблязов басқарған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы тұрғындарды 22 ақпанда митингке шығуға шақырды. 2018 жылы Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп таныды. Кейін ҚДТ-ның ондаған жақтастары «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысы бар»деген айып тағылды. Еуропалық парламент өзінің 2019 жылғы қарарында ҚДТ-ын «бейбіт оппозициялық қозғалыс»деп атады.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром9.52 ℃
Днем13.9 ℃
Вечером13.34 ℃
Ночью9.41 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.42 м/с
2022-05-21
Утром4.93 ℃
Днем11.58 ℃
Вечером10.05 ℃
Ночью5.98 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра8.78 м/с