Оралда Еуразия даңғылына Абай есімін беру ұсынылды
Мұндай ұсыныс ақын Ақұштап Бақтыгереевадан түсті. Абай есімін Назарбаев даңғылына беру туралы ұсынысқа ақын, бұл «тірі президент кезінде ыңғайсыз» деді. Қаланың ономастикалық комиссиясының барлық мүшелері осы ұсынысты қолдады.
Қала әкімінің атына, қала даңғылдарының бірін қайта атау туралы «Қазақстан жазушылар одағы» БҚО филиалының төрағасы, ақын Ақұштап Бақтыгереева хат жазды.
Абай атындағы алаң орналасқан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының атын берген үйлесімді емес пе деген сұраққа ақын, «уақыт өзінікін жасайды» деп жауап берді.
– Бұрын бұл даңғыл Ленин даңғылы болды. Қазір бұл Нұрсұлтан Нарзарбаевтың даңғылы. Көріп отырғаныңыздай, уақыт өзінікін жасап жатыр, барлығын тарих көрсетеді. Жақында ғана, Қазақстан республикасының бірінші президентінің тірі кезінде даңғылдың атын өзгерткесін, енді келіп: «даңғылдың атын қайтадан өзгертейік» деп айта алмаймыз. Мұны уақыт еншісіне қалдырамыз, — деп түсіндірді Жазушылар одағының төрағасы.
Оның айтуынша, Жазушылар одағының мүшелері Орал әкімі Абат Шыныбековтың атына қайта атау туралы хат жазуды шешті. Сондай-ақ, хат қалалық мәслихат пен қалалық ономастика бөліміне жіберілді. Өткен сәрсенбі күні ономастикалық топтың отырысы өтті,онда жазушылар одағының ұсынысы мақұлданды.
— Мен Қазақстанның ұлы ақынының туғанына 175 жыл толуына орай Еуразия даңғылын Абай даңғылына атауын өзгертуді ұсындым. Абай-ұлы жазушы, ағартушы, талантты ойшыл. Ал бізде қалада оның 175-жылдығына тіпті оның атына лайықты көше жоқ. Ономастикалық комиссия мүшелері біздің ұсынысымызды қолдады, әрі қарай бұл ұсыныс мәслихатқа жіберіледі. Әрине, бұл атау бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі, — деп сендірді Ақұштап Бақтыгереева.
Еуразия даңғылы Қазақстанның жаңа тарихында өз атауын үшінші рет өзгертеді. 2002 жылға дейін ол Дзержинский көшесі болды(өткен ғасырдың 20-шы жылдарында қызыл террордың идеялық шабыттандырушыларының бірі). 2002 жылы жергілікті билік осы көшеге даңғыл мәртебесін және «Еуразия»атауын берді.
Ақұштап Бақтыгереева қазақстандық ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, БҚО Жазушылар одағының төрағасы болып табылады. 2019 жылдың наурыз айында ол Астананы Нұр-Сұлтан етіп қайта атау идеясын қолдап, «бүгінде бүкіл әлем қазақ даласын, көшпенділердің қорғаны Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі арқылы біледі» деп мәлімдеді.
Алексей Воробьев