Оралда жануарларды тіркеу, чиптеу және стерильдеу басталады. Үй жануарларын да және қаңғыбастарды да
Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Искалиев facebook-тегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, баспананың құрылысы мен оны ұстау қаңғыбас жануарларды аулауға, чиптеуге және зарарсыздандыруға қарағанда 28 есе қымбат болады.
«Біз өркениетті елдердің нормаларына алғашқы қадам жасадық. Өткен жылы жануарлармен қарым-қатынас туралы жаңа ереже қабылдадық. Егер бұрын ауланған жануарлардың көпшілігі жойылса, енді оларды стерильдейді (пішеді), емдейді, тамақтандырады, қалпына келтіреді, барлық ақпаратымен чип тігіледі және содан кейін жануар ауланған ауданға апарады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жануарлар аз агрессивті болады. Мұндай жануарлар ұрпағын әкелмейді және белгілі бір уақыттан кейін үйсіз жануарлардың саны күрт құлдырайды», — деп жазады Ғали Есқалиев.
Хабарламада сондай-ақ питомниктің құрылысына қатысты сома да айтылды. Әкімдіктің есептеуінше, питомниктің құрылысына шамамен 800 миллион теңге және оны ұстауға шамамен 180 миллион теңге қажет екен.
Қазіргі жағдайда бюджет жылына 28 миллион теңге жұмсалуы тиіс. Қала әкімі бұл соманы бұрынырақ жануарларды жойғанда бөлінгенін, бірақ одан азаймағанын атап өтті.
«Бүгін (21 ақпан-авт.ескерту.).мәселені шешудің келесі кезеңін бастауды тапсырдым. Бұл барлық жануар иелерін питомниктерді тіркеуге, оларды вакцинациялауды және чиптеуді қамтамасыз етуге міндеттеу. Ұрпақ алуды жоспарламағандарды — стерилизация (пішпе) жасауға міндеттеу. Барлығын тұрғындармен талқылаймыз», – деп уәде берді облыс басшысы.
Әкімдік жануарларға ота жасатуға қалтасы көтермейтін адамдарға қаржылай қолдау көрсету мәселесін қарастырмақ.
Нана Иксанова