Асылан Сағутдинов полиция ұстағаннан кейін ауруханаға түсті
Аслан Сағутдинов «Сity Center» ғимаратының жанында дөрекі түрде ұсталды. Бұл туралы блогер Facebook әлеуметтік желісінде жүргізген тікелей эфирден мәлім болды. Белсендінің жүрегі ауырады, оның бетінен ұрған. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жеткізілді.
Аслан Сағутдинов сауда орталығының тұрағынан тікелей эфир жүргізді, ол бұрын жоспарланған митингіге байланысты жабылған еді.
— Ұстау кезінде олар менің күртешемді жыртты, мен жүрегімнің ауыратынын айттым. Мені бөлімге әкелгенде жедел жәрдем шақыруларын өтіндім, олар шақырғысы келмеді. Менің аяқтарым ұстамай, есімнен айырылдым. Сонда ғана шақырды. 7 минуттан кейін келеді деді. Жарты сағаттан кейін дем алу қиын болды, Төмендегі жедел жәрдемге мені жібермеді деп ойладым. Жедел жәрдемге өзім барғым келді. Мен ол төменде тұр деп ойладым. Сол кезде полиция қызметкерлерінің бірі мені басымен ұрып, ернімнің асты-үстін жарып қойды. Кейінірек медицина қызметкерлері келіп, менің нашар екенімді көріп, полицияға олармен бірге жіберулерін сұрады, , – деді Аслан журналистпен телефон арқылы сөйлескенде.
Қазіргі уақытта Аслан ММБ-да. Оны шамамен 2 сағаттай тексеретін болады. Белсенді тексеруден кейін оны босататынына сенімді емес. Ол ұрған полицияның бет-жүзін жаттап қалдым, бірақ арыз жазғым келмейді, деді.
«Мәні жоқ. Оның қарайтынына сенбеймін», — деді Аслан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «ОА» журналистерін полиция ұстады, 21 ақпан күні полицейлер «Орал апталығының» бас редакторы Лұқпан Ахмедьяровқа 10 жыл бұрынғы ісі бойынша жауап беруге келуді талап ететін шақыру қағазын жеткізді. Шақыртуларды бүгін, 22 ақпанда бүкіл Қазақстан бойынша наразылық митингтер өтіп жатырғанда берді.
Нана Иксанова