«ОА» журналисін түсіру кезінде ұстады
Бүгін Орталық алаңда полиция Назарбаев даңғылының атауын өзгертіп, көшеге Достық атауын қайтаруды талап еткен Тілеген Төрешевтің жеке пикетін тоқтатты. «ОА» журналисі Ақмарал Федорова да Абай полиция бөліміне жеткізілді.
Ақмарал ұстауды фотоға түсіріп, редакцияға жіберіп үлгерді, сондай-ақ телефон арқылы сөйлескенде пикетке шығушыға жергілікті әкімшілік полияцисының бастығы Жанболат Жаншин өздерін таныстырмаған 6-7 полициямен келгенін айтты. Қысқа тілдесуден кейін Жаншин қарамағандағылармен, Тілеген Төрешевтің қолын «қайырып» полиция машинасына алып кеткен.
Тілші пикетке қатысушыны не себеппен ұстап жатыр деген, сұрақ қойды, өйткені жеке пикеттерге президент Тоқаев рұқсат берген, содан кейін полицейлер оны да ұстап әкетті.
«Мен журналист екенімді, полицияға журналистің кәсіби қызметін бұзу — ҚР Әкімшілік кодексінің 352-бабын тікелей бұзу, сондай-ақ менің конституциялық құқықтарымды бұзу деп түсіндірдім. Бірақ полиция қызметкерлері менің ұсталымның себебін түсіндірмеді, ешқандай шақыру қағазын бермеді және өз іс-әрекеттеріне ешқандай түсініктеме бермеді. Мені үнсіз ұстап, күшпен «машинаға» салып алды. Қазір Абай полиция бөліміне барамыз деді, болды, – деп хабарлады телефон арқылы журналист.
Айта кету керек, ҚР әкімшілік кодексінің тікелей бұзылуы Әкімшілік полиция басшысының қатысуымен ( мүмкін бұйрығымен) болды.
Кейін Ақмарал редакциясымен хат алмасу барысында бөлімде телефонды пайдалануды тоқтатуды талап ететіндігін, Тілеген Төрешевті қандай да бір кабинетке алып кеткенін, ал ол полиция күзетуімен дәлізінде тұрғанын хабарлады. Қандай негізде ұстағаны белгісіз.
«Полиция қызметкері Нәсіпқалиев маған айқайлап, телефонымды салып қоюды талап етуде, дегенмен заң бойынша менің түсіруге құқығым бар. Ол қандай заңды басшылыққа алуда деген сұраққа және телефонды пайдалануға болмайтынын кім айтты, дегенімде: «Мен-Мен-Мен саған айттым! Мен!». Ол заңды білмейді немесе сондай заң бар деп ойлайды», — деп хабарлады редакцияға Ақмарал Федорова.
Қазіргі уақытта Тілеген Төрешев пен Ақмарал Федорова Абай полиция бөлімінде жатыр және олардан әрі байланыс жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні полицейлер «Орал апталығының» бас редакторы Лұқпан Ахмедьяровқа 10 жыл бұрынғы ісі бойынша жауап беруге келуді талап еткен болатын. Сондай-ақ, редакция Оралдағы «Азаттық радиосының» журналисі Мария Мельниковаға шақыру қағазын «бергені» белгілі болды.
Бүгін, 22 ақпанда, Қазақстанның барлық қалаларында наразылық митингілер өтетін күні екі бірдей БАҚ қызметкерлеріне шақырту қағазы берілді.
Нана Иксанова
Фото: Ақмарал Федорова