«ОА» журналистерін полициядан жіберді. Олардан ҚДТ туралы сұрады

Ақмарал Федорова да, Алексей Воробьев те полицияда 4 сағат болды.

«Полицияда мені 4 сағат бойы ұстады, содан кейін барып шықтым. Ұстаудың негізін айтпады, бірақ кейін қайдағы бір қылмыстық іс бойынша куә ретінде тергелгенімді айтты. Тергеуші Оксана Прошина маған КДТ партиясы туралы және экстремистік үндеулерді тарататын sin логині бар Facebook пайдаланушысы туралы не білетінімді сұрады. Әлеуметтік желілерде тіркелмегендіктен,Sin пайдаланушысы туралы ештеңе білмейтінімді айттым . Жауап алу хаттамасына да, ұстау хаттамасына да қол қойған жоқпын»,– дейді Ақмарал Федорова.

Журналистің айтуынша, полицияда оған қысым көрсетпеген, алайда полиция қызметкерлері «сағат 14-00-ге уақыт созумен» болған .

«Мен жеке пикетті түсірген кезде мені сағат 11-де ұстады. Сағат 14-00-де ҚДТ митингісі басталуы тиіс еді, оны мен ақпараттандыруға тиіс едім. Жауап алу 5 минутқа созылды, қалған уақытта менімен жай ғана сөйлесті, ҚПК: қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша мені тек полицияда екі сағатқа ұстауға болатынын айтқаныммен, олар бәрібір мені 4 сағат ұстады. Полиция бөліміне митингке қатысушыларды әкелгеннен кейін мені босатты», – дейді журналист.

Сондай-ақ, 17-30-да журналист Алексей Воробьевті шығарды, оны ҚДТ партиясының митингін түсіру кезінде сағат 14-00-де ұстады. Алексей Воробьевқа да, Ақмарал Федорова қойған сұрақтар қойылды.

«Мені ұстаған кезде, не үшін деп сұрадым, бірақ түсініксіз жауап алдым. Тек «Жүріңіз, жүріңіз!» деумен болды. Содан кейін ҚДТ туралы мағынасыз сұрақтар жаудырды: мен партияда тұрмын ба, ҚДТ не екенін білемін бе? Бұл туралы әр бұрышта айтып жатса, қалай білмейсің? Мен редакцияның тапсырмасы бойынша келдім, мені күштеп алып кетіп, жұмысыма кедергі келтірді. Бір полиция қызметкері маған былай деді: «Леха, неге мұны істейсің? Неге келдің?», ал мен «еркін елде көшеде жүре алмаймын ба?» дедім. Содан кейін ол былай деді: «Иә, Мен де өз қалауым бойынша сізді ұстаймын. Бұл маған керек деп ойлайсыз ба? Мен де үйде отбасыммен отырар едім. Бірақ бұйрықтың аты бұйрық», — деді Алексей.

Бес жарымда Алексей Воробьевті үйге жеткізді.

«Олар кетіп бара жатқанда, Леха, енді бұзық болма!»– деп кетті дейді Алексей.

Акмарал Федорова

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером26.42 ℃
Ночью20.88 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.33 м/с
2024-09-10
Утром17.97 ℃
Днем27.58 ℃
Вечером26.29 ℃
Ночью21.73 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.28 м/с