Орал белсендісі Эрик Жұмабаевты Алматыда алаңнан денсаулығын тексереміз деп алып кетті
Эриктің өзі тікелей эфирде жедел жәрдем мен ауруханаға жүгінбеді, ал барлық іс – әрекеттер-22 ақпан күні митинг өтетін жерден оқшаулауға әрекет жасағанын хабарлады. Эрик Жұмабаев қарсыласа алмады, себебі 2015 жылдан бастап мүгедектер креслосына таңылған.
Бейнеде белсендінің қысымын өлшеп, дәрігерлер құжаттарды толтыра бастады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда ҚДТ партиясының көшбасшысы Мұхтар Әблязов қазақстандықтарды бейбіт наразылық акциясына шығуға шақырды. Бұл күні белсенді Аслан Сағутдинов ұсталып, соққыға жығылды. «Орал апталығының» журналистері Алексей Воробьев пен Ақмарал Федоровқа да жұмыс кезінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы»партиясына қатыстылығы немесе білімін тексеру мақсатында бөлімге жеткізілді. «ОА» бас редакторы Лукпан Ахмедьяров күн бойына 10 жыл бұрыңғы қылмыстық іс бойынша ПД-де жауап берумен болды.
Нана Иксанова