«Гарант 24 Ломбардқа» жинақ салымдарын салған Орал тұрғындарының оқиғасы

Орал қаласының екі тұрғыны филиал директорлары бүкіл ел бойынша жаппай қамауға алынып жатқан «Гарант 24 Ломбардқа» қалай және қандай жағдайда салымдар жасағанын айтты.

Елена, 36 жаста

«Гарант 24 Ломбард» салымының жарнамасын Инстаграмда көрдім, содан кейін пікірлерін қарай бастадым. Интернетте де, жай таныстардың арасында да бұл ломбард туралы жақсы пікірлер болды. Сосын біз де күйеуіміз екеуміз, отбасылық жинақтан 500 000 теңге алып, «Баспахана» аялдамасындағы бөлімшесіне бардық. Басында, әрине, ата-аналар бұл «МММ» сияқты нәрсе екенін айтты, бірақ, дегенмен, жарнама мен пікірлер жақсы болғасын, біз соған сендік. Біз тікелей бөлімшеге келгенде, кассадан өз пайыздарын алған риза адамдар көргенде, күдігіміз бірден басылды.

Ломбардта бізге мөрімен куәландырылған келісім-шарт берді. Шарттың талаптары мынадай болды: 8 наурызға дейін 3 айға депозит ашасың — және салым бойынша әрбір 15 күн сайын 40% сыйақы аласың. Біз 13 ақпанда 500 000-ға салым аштық, және тиісінше, 28 ақпанда өзінің алғашқы пайыздарын-100 000 теңге алуымыз тиіс, бірақ мен өз ақшамды әлі күнге дейін көрмеймін. 21 ақпанда интернеттен халық арыз жазып басшыларын жаппай қамауға алып жатқанын білдім, өзім әлі арыз жазған жоқпын, себебі 28- ақпанды күтіп отырмын, егер төлесмесе полицияға арыз жазамыз.

Бір жағынан, мен жұмсалған ақшаны аямаймын, оларды өз балаларыма салар едім, тектен тек ештеңе болмайтынын түсінуіміз керек еді. Бірақ, екінші жағынан болары болды, кімді кінәлайсың. Мен тек қана 500 000 теңге жоғалттым ал адамдар пәтер мен машина салып, дымсыз қалды. Қазір Орал қаласы бойынша WhatsApp-та сұхбат жасалған. Әзірге 257 адам чатта, біз бір-бірімізді барлық жаңалықтармен н хабардар етеміз. Дегенмен, бізге әлі ештеңе белгісіз, мүлдем ештеңе».

Жанна, 57 жаста

«Менің құрбым базарда жұмыс істейді, ол «Гарант 24 Ломбард» салымшысы, маған да осы акцияға қатысуға ұсыныс жасады. Мен ломбард филиалына бардым, шарттарды анықтадым, барлығы шарт бойынша ресімделгенін көрдім және бәрі құжатпен ресімделгендіктен сендім. Ақшам болмағандықтан екінші деңгейлі банктен жыл жарымға, айына 25 мыңнан төлеп тұруға, 300 000 теңге несие алып «Гарант 24 Ломбартқа» салдым. Шарттың талаптары бойынша мен 3 айға депозит аштым және ай сайын — 120 000 теңге сыйақы алуым керек, барлығы 3 айға — 360 000 теңге. Мен 12 ақпанда депозит аштым, ал 12 наурызда өзінің алғашқы сыйақысын алуым тиіс еді, бірақ ломбард директорларының тұтқындауына байланысты бұл болмайды.

Мен полицияға арыз жазбаймын, не керек? Ақшаны маған қайтарып бермейді. Енді әр ай сайын 35 000 теңге жалақымның 25 мыңын несиеге төлеуім керек. Менің балаларым даулы ломбардтың салымшысы екенімді білмейді, білсе үйде «айқай» шығарады. Мен өкінбеймін, өйткені қандай да бір 300 000 теңге жоғалттым, ал менің таныстарым миллиондаған ақшасын жоғалтты».

Біз Жаннаның «Гарант 24 Ломбардпен» жасаған шартын зерделедік, оның атауына сәйкес, ол қарыз шарты емес, бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік) болып табылады, оған сәйкес «салымшы» депозит салымшысы болып табылмайды, ломбардтың толыққанды серіктесі болып табылады және өз ақшасын ломбардтың дамуына салады және «ломбардпен бірге пайда мен қаржы табу үшін әрекет етеді». Осы бірлескен қызметте қаржы ісін басқару ломбардқа ауысады, бұл туралы тармақ бар. Бұл ретте шарт тармақтарының бірі «салымшы» белгілі бір сомаға салым жасайды және бір айдан кейін ломбард оған алынған табысты (сыйақы емес) қайтарады.

Мемлекеттік кірістер сайтының мәліметтері бойынша, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС Мырзабеков Аслан Пазылжанұлы басқарады. Кәсіпорын 2018 жылдың маусым айында ашылды, 2019 жылы мемлекеттік қазынаға салық түрінде 1 599 000 теңге төледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Орал қалаларындағы «Гарант 24 Ломбард» және «Estate Ломбард» филиалдарының директорлары қамауға алынды. «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.6 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с