Орал қаласының сауда орталығында ер адам «бомба бар» деді

Барлық келушілер мен қызметкерлер шұғыл түрде эвакуацияланды.

Сауда орталығына қаланың барлық шұғыл қызметтері аттанды / / Фото Нұрлыбек Емранов

— 25 ақпан күні сағат 16: 45-те БҚО полиция департаментінің «102» оператор пультіне ер адам хабарласып, «City Center» СОО-да бомба салынғанын хабарлады. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жедел жетті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 31 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273 бабы бойынша сот тергеуі басталды (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау). Бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Полиция департаменті ескертеді:

• «Бомба» туралы хабарлай отырып, сіз қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғасыз, мекемелердің қалыпты қызметі бұзылады, құқық қорғау органдарының айтарлықтай күші мен құралдары алаңдатады, нақты азаматтардың мүдделеріне зиян келтіреді.

• «Бомба» (терроризм актісі) туралы көрінеу жалған мәлімет хабарлағаннан кейін қылмыс аяқталды деп есептеледі.

«City Center» бутиктерінің бірінде жұмыс істейтін сатушының айтуынша, бомба қойылған туралы хабар келушілерді қатты қорқытқан.

— Бізді шұғыл түрде эвакуациялады, ал сауда орталығына барлық шұғыл қызметтер тез арада келді, — деп хабарлады сатушы Айгүл Болатова.

Мария Драчева

x
2020-04-06
Утром7 ℃
Днем7 ℃
Вечером5.27 ℃
Ночью1.88 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.7 м/с
2020-04-07
Утром0.15 ℃
Днем6.89 ℃
Вечером4.46 ℃
Ночью0.09 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.89 м/с