Оралдағы митинг кезінде полицейлер мүгедек жанұялық жұпты да жауып тастады

Полиция қызметкерлері инсультке шалдығуына байланысты сөйлей алмайтындығына қарамастан, оқиға орнында әйелді ұстады. Оны екінші топтағы мүгедек күйеуімен бірге полицияға жеткізді.

Оралдағы митингке қатысушыларды ұстау 22 ақпан

Орал қаласында 42 жастағы Айгүр Ірмікбаева және оның күйеуі Әлібек Ірмікбаев 22 ақпан күні, ҚДТ жақтаушыларының митингі жоспарланған «City Center» сауда-ойын-сауық орталығының жанында ұсталған.

— Менің жұбайым митингке қатысқан жоқ. Ол «у Ивана» кафесінің жанында тұрды, бұл митинг орнынан шамамен 50-60 метр қашықтықта тұрып, өзінің смартфонында болған оқиғаны түсірді. Бір кезде полиция қызметкерлері маған жүгіріп, қолымды қайырып, полиция «УАЗикне» салып жіберді. Осы сәтте инсульт алып, күрмеленіп сөйлейтін, ауруханадан жақында ғана шыққан менің жұбайым айқайлай бастады. Аурудан соң сөйлеуі бұзылып, сол қолы жартылай жұмыс істемейтін. Ол айқайлаған кезде оған екі полиция офицері жүгіріп, екі жақ қолынан ұстап алды. Олардың бірі – подполковник Кенжебек Құспаев. Ол Айгүл сол қолын ұстап, екінші — мойынын ұстап, оны жерге бүгіп тастады. Міне, осындай қалыпта оны «УАЗикке» әкеліп тықты, — дейді Әлібек Ірмікбаев.

Ерлі-зайыптыларды Абай полиция бөліміне әкеліп, араға үш сағат салып барып жіберген.

24 ақпан күні Әлібек Ірмікбаев Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы түсініктеме берсін деп, генерал Әбләзімовтың қабылдауында кіруге тырысты. Алайда, генерал өтініш берушімен кездесуден бас тартты.

— Бізді ұстағанда, мен мүгедектің куәлігін көрсеттім және оларға менің жұбайым митингке мүлде қатысы жоқ деп айттым. Бірақ Кенжебек Құспаев мені тыңдамай, қол астындағыларға бізді полицияға жеткізуге бұйрық берді, — дейді Әлібек Ірмікбаев.

Әлібектің өзі сол күні сауда орталығына митингке қатысу үшін келгенін жасырмайды.

— Мен елде болып жатқан оқиғаларға қатысты өз ұстанымымды білдіру үшін митингіге келдім. Әйнектерді сындыру үшін емес, бірдеңені өртеу үшін емес, өз пікірімді айтып, елде болып жатқан оқиғалармен келіспейтінімді білдіру үшін. Онда ондаған адам жиналды. Олар балалар алаңы маңындағы аялдамада тұрды. Содан кейін сауда орталығының алдында көлік тұрағына жас жігіт шығып, бұл орынды шағын камераға түсіре бастады. Осы сәтте оған бірнеше қызметкер жүгіріп, қолын бұрап, автобусқа салып алды. Содан кейін автобус аялдамасында және басқа да жерлерде тұрған адамдар осы жерге тартылып, биліктің іс-әрекетіне наразылық білдіре бастады. Полиция қызметкерлері оларды да ұстай бастады. Шу басталды, сол кезде мені де ұстады, — деді Әлібек Ірмікбаев.

Әләбек Ірмікбаевтың айтуынша, екеуінен басқа Абай бөліміне 15-ке жуық адамды жеткізілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.07 ℃
Вечером0.09 ℃
Ночью0.05 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.28 ℃
Днем1.75 ℃
Вечером0.03 ℃
Ночью-0.76 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.65 м/с