Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы өседі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 наурыздан бастап билет құнын 7 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ railways.kz сайтында билетке онлайн тапсырыс берген кезде пайыз басқаша болады.

baigenews.kz фотосы

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап облысаралық қатынаста «Жолаушылар тасымалы» АҚ – ның барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарына темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау құнын 7% — ға жоспарлы түрде көтеру көзделіп отыр», — делінген ресми хабарламада.

Жалпы айтқанда, т / ж тасымалдаушы ел ішінде танымал маршруттармен тасымалдау бағасын ғана арттырады және бұл жоспарланған, яғни оған барлығы дайындалған.

Бірақ компанияның мәлімдемесін тексеру үшін біз ең «жүз пайыздық» нұсқаны таңдадық — Орал-Алматы пойызы, ал бағыт — Оралдан елордаға. Міне, не болды:

Экранда railways.kz. сайтының түсірген суретінде танымал «Орал — Нұр-сұлтан» бағытындағы 52x пойызы 4 наурыз 2020 жыл.

Экранда railways.kz. сайтындағы танымал «Орал — Нұр-сұлтан» 52x пойызы 6 наурыз 2020.

Егер купенің құнына қарайтын болсақ, айырмашылық 1 743 теңгені құрайды (тек бұл 7% емес, 11%), сонымен қатар люкс — 1 059 теңгеге (шамамен 4,8%) арзандайды .

Біз бұл жағдайды түсіну үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан Темір Жолы (ҚТЖ) баспасөз қызметіне жүгіндік. Баспасөз қызметі редакция сұрағын өндірістік бөлімге бергенін және жақын арада мәлімделген пайыз неге сәйкес келмейтініне жауап беруге уәде берді.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-17
Утром18.34 ℃
Днем26.95 ℃
Вечером20.71 ℃
Ночью18.5 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.23 м/с
2026-06-18
Утром16.07 ℃
Днем24.2 ℃
Вечером25.36 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.78 м/с