Экология министрі: «Кирсан қорықшасының аумағында қазбаларды барлауға тыйым салынады»

Қазақстанның экология министрі «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің Кирсанов қорықшасының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі сұраулары Министрлікпен келісілмегенін хабарлады.

Геологиялық барлау жұмыстары жоспарланған Кирсан қорықшасының аумағы(Спутниктен түсірген фото)

Бұл туралы Орал қаласының тұрғыны, азаматтық белсенді Андрей Стариченковтың сауалына берген жауабынан белгілі болды, ол Қазақстанның экология министрі Мағзум Мырзағалиевке Батыс Қазақстан облысының экология департаменті Кирсанов қорықшасының аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарына рұқсат берген соң. Осы рұқсатқа сәйкес, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС компаниясы Кирсаново кентіне жол салу орнына қорықшаның аумағынан мұнай іздейтінін айтқан болатын.

«Кирсан мемлекеттік табиғи қорығы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында құрылды. Қорықша Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізілген. Паспортқа сәйкес, қорықшаның аумағында пайдалы және кең таралған қазбаларды барлау мен игеруді жүргізуге тыйым салынады», — деп хабарлайды министр сауалға жауап ретінде.

Сондай-ақ, министр Мырзағалиев «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің қорықшаның аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша бірнеше рет сұраулары орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісілмегенін атап өтті.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің ақпараты бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат 2019 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін берілді. Қазіргі уақытта рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі аяқталды», — делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, Кирсанов қорықшасында барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған, жергілікті шенеуніктер «Урал Ойл энд Газ» компаниясына мұнай іздеу үшін рұқсат берген болатын.

Кирсан қорығы-ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ол 1973 жылы құрылған, қазір оның аумағында қасқыр, елік және басқа да көптеген жануарлар мен өсімдіктер мекендейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с