Оралда апат болған Коллектор толығымен ауыстырылады
Конкурстық рәсімдер өткізілді, жақын күндері мердігермен шарт жасалатын болады. Бір ай ішінде коллекторды ауыстыру жұмыстары басталады.

— Коллекторды ауыстыру құны-1 млрд 266 млн теңге. Оның істен шығу себебі шыныпластикадан жасалғандықтан, — деді «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Қайырғали Имашев.
Айта кету керек, қазіргі уақытта қаланың және жақын жатқан кенттердің 74 мың тұрғыны сусыз қалып отыр.
— Егер бәрі жақсы болса, түнгі уақытта суды береміз. Қазіргі коллектор шамамен 10 жыл қызмет етті. Жаңа коллектор полиэтиленнен жасалады. Апат салдарынан Шолохов көшесіндегі 5,4 км кәріз коллекторын ауыстыру қажет, — деп хабарлады Қайырғали Имашев.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда болған бірінші апат топырақтың құлауына байланысты, екіншісі-27 ақпанда кәріз құдығының бұзылуына байланысты. Саяжай алқаптарын су басу қаупіне байланысты су беру тоқтатылды.
Сондай-ақ, оқыңыз:
Мария Драчева



