Балалық шақ аяқталатын үй (Арнайы репортаж)

Олардың өмірін екі бөлікке бөлуге болады. Балалар үйінде және одан кейін. Балалар үйіндегі өмірдің нақты жағдайларына мүлдем дайын емес екені құпия емес. Тек бірен-сарандары ғана түсініп, өмірдің жаңа жағдайларына бейімделе алады.

Алена Аверинская балалармен бірге «Шаңырақта» 4 айдай тұрады. // фото Раул Упоров

Балалар үйінен шыққаннан соң, туған-туыстарынсыз, өмірлік дағдыларынсыз қалған түлектер қиын жағдайға тап болады. Барлығында әрі қарай таңдау жоқ. Олар әрі қарай қалай өмір сүруді білмейді.

19 жыл бұрын қалада «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі ашылды, онда 18 жасқа толған балалар үйлерінен шыққан баспанасы жоқ тәрбиеленушілер тұрады. Жасөспірімдер үйінің ғимараты өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған болатын. Оған жөндеу қажет.

Сұр кірпіштен жасалған кеңес құрылысының үш қабатты ғимаратына кіре берісте бізді Грета атты ит қарсы алды. Қарсы бетіндегі, қар басқан бұталардың кіре берісінде түрлі түсті матрацтар жатыр. Үйдің тұрғындары ол үшін далаға лақтырды ма, түсінбедім. Бос кең холлда таза және жарық. Холдағы тар дәлізден тұрғындардың бөлмелері орналасқан қабатқа көтерілуге болады. Негізінен олар бір адамға арналған. Бірінші қабатта да бөлмелер бар. Онда дәретхана мен душ орналасқан, онда ыстық су демалыс күндері беріледі. Құлыптаулы дәретхана, әрбір «Шаңырақ» тұрғынының өз кілті бар. Мен екінші қабатқа «Шаңырақ» тұрғынымен сөйлесу үшін көтерілдім. Баспалдақпен түсіп келе жатқан қыздар менімен күлімсіреп амандасады. Бұл үйде балалары бар жас әйелдер көп, ерлер жоқ деуге болады. Мен есік қақтым, маған жас қыз бен үш жастағы қыз ашты, олар менің әңгімелесушімнің қыздары екен. Үлкені 16 жаста, ал кішісі 3-те.

8 жыл ішінде Меңсұлудың пәтер кезегі 30 адамға көтерілді

Меңсұлу Танташева 1994 жылы балалар үйіне түсті,сол кезде олар екеу еді. 1997 жылы балалар үйін біріктіріп, «Жас дәурен» деп аталатын бір орталыққа біріктірілді. Менсұлу «Шаңырақта» 19 жыл бойы тұрады. Бұрын холл болған, енді екі бөлікке бөлінген. Біреуі-импровизацияланған ас үй,екіншісі тұрғын бөлме. Барлық жерде жайлы және таза.

— Колледжді бітірісімен, бірден тұрмысқа шығып, бірақ күйеуіммен бір жыл да тұрмадым. Қазір күйеуімнен неге кеткенім есімде жоқ, мінезіміз жараспаған болар. Мен өз дегенімді істеп қалған адаммын. Қазір мен 36 жастамын, ойлап қарасам, бұл адамдарға деген сенімсіздіктен болғанын түсіндім. Мен қазір де сенбеймін, бірақ қазір бұл басқаша. Менің айналамда сенетіндерім де бар. Қазір мен тек өз балаларым үшін өмір сүремін, — дейді Менсұлу.

Менсұлу, тұрғын үй кезегінде 641 нөмірімен тіркелген, , бірақ кезек өте баяу жылжиды. Оның айтуынша, 8 жыл ішінде кезек 30 адамға жылжыды. Менсұлу бармен әкімші болып жұмыс істейді.

Менсұлу «Шаңырақ» қабырғасынан кетіп, өз бетінше өмір сүргісі келеді / / / Фото Раул Упоров

– Білесіз бе, мен осы жерден шыққым келеді,Иә, дәл солай. Өйткені кейде бұл мәңгілік тұйық шеңбер. Мен бұл жерден шыққан кезде, менде ерекше сезім пайда болады…. Ал, «Шаңыраққа» келгенде қайтадан ұнжырғам түсіп кетеді. Келем де жатам, ештеңеге зауқым соқпайды. Бірақ мен өзімді қолға алып, жұмысқа барамын. Қыздарыма көмектесемін, кішісі балабақшаға үлкені мектепке барады. Жұмыс істеу керек, балабақша үшін төлем, жол жүру, тамақтану. «Шаңырақта» біз ештеңе төлемейміз, бұл үлкен демеу. Менің педагогикалық білімім бар, мен колледжді жақсы аяқтадым, бірақ онда оқығым келмеді. Бірақ менен ешкім сұрамады, әкелді де, оқы деді, – деп еске алады Менсұлу.

Бір кездері әйел өзінің кіші қызын перзентханаға қалдырғысы келді

Әйел өзінің өмірінде көптеген ауыр сәттер болғанын айтты,бірақ ол оларды жеңе алды.

— Бір кездері қатты қиналыста болдым, неге өмірге келдім деп те, ойладым. Бұл мен кіші қызымды босанған кезде болды, баратын, тұратын жерім болмады. Үлкен қызым ауылда құрбымда болды, жаңа босанғанымды перзентханада қалдырғым келді. Бірақ Ғалия Бекқожиеваны уақытында кездестіріп,дәл сол кезде ол мені қолдап, ойымнан айнытты. Мен өмір бойы өкінер едім. Қазір менде Самира атты керемет қызым бар.

Айсұлу екінші жыл «Шаңырақта» еден жуушы болып жұмыс істейді, онда 17 жылдай тұрады

Айсұлу Телехова да өз тарихын айтты. Жас әйел 33 жаста «Шанырақта» еден жуушы болып 53 мың теңге алады. Айсұлу бес жасар ұлы Әлішермен бірге бірінші қабатта тұрады. Әйел өз баласын жалғыз тәрбиелеп отыр.

Бөлме тұрғындары еденде ұйықтайды, бірақ онда салқын емес, мұнда Айсұлу тамақ пісіреді

— Мұнда мен 17 жыл тұрамын. Еден жуушы болып, екінші жыл жұмыс істеймін, ал оған дейін ұлым кішкентай болғанда бала күтуші болып жүрдім. Қазір ұлым 39 мектепке барады. Мұнда жағдай қалыпты жұмыс істеуге және өмір сүруге болады, бірақ өз бұрышын, өз пәтерің болғанға не жетсін. Дәретхана мен душ үшін ортақ емес, жеке өзіңдікі болса, – деді Айсұлу Телехова.

«Өз дәретхана мен душың болғанға не жетсін» — дейді Айсұлу

Айсұлудың айтуынша, оның басты мақсаты – ұл өсіру. Барлық қалыпты адамдар сияқты өмір сүру.

— Менде ерекше қиындықтар жоқ, маған бәрі ұнайды, мен жұмыс істеймін, ұлымның жанында мектеп бар, бірақ әрине бөлек өмір сүргім келеді, — дейді Айсұлу.

Айсұлу ұлы екеуі тұратын бірінші қабаттағы кішкентай бөлмесін көрсетті. Онда таза және жайлы. Еденде олар ұйықтайтын матрац ұқыпты оралған, бөлмеде кереуеттер жоқ. Терезеде қолдан жасалған шифоньер (қораптағы заттар). Қабырғада шағын үстел мен бірнеше кітап салынған сөре тұр. Бірнеше орындықта бала киімі ілулі тұр.

– Бұрын бөлме бұдан да кішкентай болды, содан кейін мен осы бөлмеге көрші қызбен ауыстырдым. Ол өзі ұсынды, оның балалары жоқ, ол вахталық әдіспен жұмыс істейді, оған кішкентай бөлме де жетеді, ол мұнда жиі болмайды, — деді Айсұлу.

Біз Айсұлумен сөйлесіп тұрғанда, баласын мектептен алатын уақыт та болып қалды. Әйел ұлына кеткенде, дәлізде маған Алена Аверинская кездесті. Алена да балалар үйінің тәрбиеленушісі, бірақ «Шаңырақта» –тек 4 ай тұрады. Аленаның екі баласы бар, оларды өзі тәрбиелеп отыр, күйеуімен ажырасқан. Алена 27 жаста, оның үлкен ұлы 5 жаста, кішіне 4 ай.

«Мен бұдан әрі қалай өмір сүремін, білмеймін, бірақ бәрі қалыптасады деп сенемін» – дейді Алена Аверинская

— Балалар үйінен кейін тұрмысқа шықтым, екінші училищеде аспазға оқыдым. Екі жылдан кейін бірінші ұлым дүниеге келді. Бірге 7 жыл тұрдық, менің екінші жүктілік кезімде, өткен жылдың наурыз айында ажырастық. Күйеуім ешқандай көмектесепейді, алимент төлемейді. Жаңа жылда балаларға мандарин әкелді,содан кейін бірнеше рет памперстер мен азық-түлік әкелді. Содан кейін «ақша жоқ» деді. Қазір біз кіші баланың жәрдемақысына өмір сүреміз, ол да бір жасында тоқтайды. Жүктілік демалысқа дейін, мен аспаз болып жұмыс істедім. Әрі қарай не болатынын білмеймін, бірақ бәрі қалыптасады деп сенемін, – дейді Алена Аверинская.

Алена да еденде матрац төселген шағын бөлмеде тұрады. Матрацта кіші ұлы – Рома жатыр, үлкені-Богдан інісініңң жанында отыр. Бөлменің бұрышындағы электр плитасы бар үстелде Алена тамақ дайындайды. Терезенің бір бөлігі Алена тоңазытқыш ретінде пайдаланылады, екіншісі шифоньер болып табылады.

Терезе алды тоңазытқыш және шифоньер ретінде қызмет етеді

— Мен балаларыммен басымызда шатыр бар екеніне қуаныштымын. Біз осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдық, кейін өзім бірнеше ай бөлме жалдадым. Мен жүкітілік демалысқа шыққанша жұмыс істеп, сосын осында сұрандым. Маған бұл бөлме берілді. Бәрі жақсы болады бізде, мен тырысамын. Ең бастысы, балаларым анасы оларды өте жақсы көретінін түсінсе болды. Дені сау және бақытты болып өсіп кетсе, – дейді Алена.

Аленаның үлкені қыркүйек айында бірінші сыныпқа барады, кішісі бірге толады.

«Шаңырақ» орталығының тағы бір тұрғыны Лала Абдрахманова (қыздың аты оның өтініші бойынша өзгертілді), балалар үйіндегі және одан кейінгі өмір туралы өз тарихын айтып берді. Лала» Жас Дәуреннен «кейін агротехникалық колледжге түсті, баспанасы жоқ болғасын, «Шаңырақ» үйіне келді.

«Шаңырақта» ата-аналарымен бірге 84 бала тұрады

– «Шаңырақты» ашқан кезде бәрі жақсы болды. Студенттер үшін бастапқы пакет болды. Бұл жерде бір адамға бөлме болды, тек бір адамға арналған бөлмеде ыдыс-аяқ, төсек, керует тұруға керектің бастапқысы тұрды. Содан кейін бәрі ұрланды, осында тұрған балалардың өздері ұрлады. Өйткені, осында орналастырды болды, әрі қарай қалай өмір сүретіндеріне бас ауыртпады. «Жас дауренде» бізден әлеуметтік «деграданттарды» жасады. Мен, мысалы, балалар үйінен шыққанда, тіпті баратын жеріне жету үшін маған қандай автобусқа отыратындығымды білмедім, — деп реніш білдірді Лала Абдрахманова.

— Бізді осы» Жас Дәуренге » жайғастырып, бізді сол жерде бүкіл әлемнен кесіп тастады, — деді Лала. Сонымен қатар, бір-бірімізден басқа ешкімді көрген жоқпыз, ешқайда шығармады, апармады. Тек жақсы оқығандарды таңдап апарды. Біз сол жерде оқыдық, мен 9 сыныпты аяқтадым. Мұнда тұруға келдім, оқуға түстім. Мен «Жас дәуренден» шыққан кезімде, бүкіл әлем менің аяғымның астында деп жүрдім, үш жылдан кейін мені түрмеге отырғызды. Қызды зорлағысы келген жігітті пышақтағаным үшін сотталдым. Мен оны өлтірмедім, ол ауруханада жатып, сауығып, арыз жазды. Мен бес жыл отырдым, – деп есіне алады Лала Әбдірахманова.

Лала 36 жаста, ол тұрмысқа шықпаған, бірақ оның айтуынша, ол отбасын қалайды.

— Бірақ мұны тағдырыма жазбаған сияқты. Мен 16 жастан бері, АИТВ-пен тіркеудемін. Бір рет есірткіні байқап көрдім, дәл сол кезде мен жұқтырдым. Жоқ, мен нашақор емеспін, сол рет бірінші және соңғы болды. Қайдан білейін. Маған кім айтты: » Лала наркота-бұл жаман, оған жолама…» деп. Егер бізге көп айтатын болсақ, бірдеңені түсіндірсе, қателіктер аз болар еді, – деп ойлайды Лала.

Қазір ол пәтер жалдап тұрады, жұмыс істейді. Өзіне тиселі пәтерін алғысы келеді. Нешінші боп тұрғаны есінде жоқ, тек жақында емес екенін біледі.

— Мен үйіме келіп, есігімді жауып алғым келеді. Маған балалық шақтан бастап «общак» деген сөз тойдырды. Барлық жерде бәрі бірге. Шашымызды да саппен алып барып қидырып, біріміз бірдей шаш үлгісімен жүретін едік. Әлі күнге дейін шалбармен жүрмін, етек киіп көрген жоқпын. Балалар үйінде болған кезде, бізге әрдайым шорты мен футболкалар алып келді, содан бері маған қалғаны ыңғайсыз. Мен әрқашан ақша болу үшін жұмыс істедім, бірақ екі күн ішінде тез бітіп қалатын. Енді мен түсінемін-бізді ешкім де жұмсауға, бөлуге үйретпеді — Ал бұл өте маңызды. Қыздармен бәрі туралы 8-9 жастан бастап сөйлесуді бастау керек. Олар «сүйемін» деп айтқан бірінші жігітпен келіспеуі үшін. Ал бізде қыз өсіп, жігітпен кездескенде, ол оны сүйіп, Құдайдай қарсы алады. Сосын он жеті, он сегізде қыз жүкті болып қалады. Ал, жігіті жоқ боп кетеді – дейді Лала.

«Осы жерден шығуды қалаймын» — деді Менсұлу Танташева

«Шаңырақтың» директоры Өмірбай Қалымбетовтің айтуынша, үйде жалғыз басты 15 ана тұрады. 29 жастан асқан 63 адам, 35 отбасы жұбы және 84 бала.

«Шаңырақтан» шыққанда, Греттаны көрдім, ол мені ауладан құйрығын бұлғаңдатып шығарып салды. «Шаңырақ» артта қалғанда, мен үйіме асықтым.

Мария Драчева

Фото: Раул Упоровтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-06
Утром-8.96 ℃
Днем-5.49 ℃
Вечером-4.5 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра6.35 м/с
2025-02-07
Утром-10.59 ℃
Днем-7.78 ℃
Вечером-9.59 ℃
Ночью-10.68 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.6 м/с