Оралда көп балалы ананы қағып кеткен полицейге қатысты сот басталды

Бүгін Орал қалалық сотында өткен жылы көлікті мас күйінде басқарған полиция қызметкері Медет Рахадиловқа қатысты сот басталды. ЖКО нәтижесінде төрт бала анасыз қалды.

Сот процесін судья Айжан Мырзалы басқарды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның өзі медициналық бетперде киіп, камералардың объективтерінен жасырынып отырды. Іс материалдары туралы прокурор Аян Таңатаров айтып берді.

7 желтоқсанға қараған түні Жәңгір хан көшесінде полиция инспекторының көмекшісі Медет Рахадилов басқарған Audi B4 автокөлігі салонында 29 жасар Іңкәр Бектұрғанова отырған Chevrolet Lacetti-мен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші орнында болған әйел ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Желтоқсанның 8-нен 9-на қараған түні ол реанимация бөлімінде қайтыс болды. Прокурор ЖКО кезінде полиция қызметкері мас күйінде болғанын атап өтті.

Сотта Медет Рахаділов өз кінәсін мойындап, қаза тапқан адамның туысқандарынан кешірім сұрады,алайда жауап беруден бас тартты. Оған ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан»деген айып тағылды.

Күйеуі қаза тапқан Інкәрдің жолдасы Серік Бектұрғанов Медет Рахадиловты ешқашан кешірмейтінін мәлім етті:

— Менің ойымша, ол жасалған қылмыс үшін заңның барлық қатаңдығы бойынша жауап беруі тиіс. Өз ісімен Медет Рахаділов көптеген адамдардың өмірін бұзды, Мен оны жасаған әрекеті үшін ешқашан кешірмеймін. ЖКО болған кезде ол «ес-түссіз мас» болған, бұл жеңіл дәрежеде мас болған емес. Осы апаттың салдарынан төрт балам анасыз қалды, — деді күйеуі.

Ол сондай-ақ, айыпталушының туыстары кешірім сұрап зардап шеккендердің отбасына жерлегеннен кейін тек 9-шы күні ғана келгенін, ал олардың кешірім сұрағаны шынайы емес екенін айтты.

Аталған іс бойынша келесі сот процесі 10 наурызға тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖКО 7 желтоқсан күні болған. Күйеуі мен әйелі Зашаған ауданынан қонақтан келе жатқан. Олардың автокөлігінде бензин таусылып, жанармай құюға дейін көлікті «апатты жарығын» қосып итеріп баруға тура келді. Осы уақытта әйел жүргізуші орнында отырған. Жанар-жағар май стансасына дейін 15 метрдей қалғанда сәтте «Ауди»жүргізушісі үлкен жылдамдықпен келіп қаққан.

Қайтыс болған Іңкәр Бектұрғанова 29 жаста болды, құдай сақтап аман қалған күйеуі 40-та. Отбасы басшысы енді төрт баланы өзі өсіретін болады, оның кішісі 2 жаста, ал үлкені — 11 жаста.

Бұл бір ай ішінде полицейлердің қатысуымен болған үшінші апат еді. 19 қараша күні полиция қызметкері патрульдік автокөлікпен жақында ғана ауруханадан шығарылған жаяу жүргіншілер жолында жас қызды қағып кеткен. Екінші оқиға Тасқала ауданында болған, онда да полиция қызметкері адамды қағып кетті. Бұл жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерлерін жергілікті тұрғындар арасында сынауға себеп болды, атап айтқанда, генерал Махсудхан Әбіләзимов қатты сыңға ұшырады. Қаланың кейбір тұрғындары тіпті отставкаға кетуді талап етті, алайда олардың талаптары қанағаттандырылмады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром13.69 ℃
Днем24.51 ℃
Вечером23.99 ℃
Ночью18.56 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра5.97 м/с
2024-09-16
Утром15.03 ℃
Днем24.81 ℃
Вечером24 ℃
Ночью18.94 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра8.14 м/с